06.03.2008, 12:51 1279

ОҚО әкімдігі PetroKazakhstan Kumkol Resources ауыл шаруашылық өндірісшілері үшін жанар- жағармайды жеткізу жөнінде келісімге қол қойды

ОҚО әкімдігі PetroKazakhstan Kumkol Resources ауыл шаруашылық өндірісшілері үшін жанар- жағармайды жеткізу жөнінде келісімге қол қойды

Шымкент. 6 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылық департаменті мен PetroKazakhstan Kumkol Resources компаниясы арасында 28 мың тонна жанар-жағармай жеткізу жөнінде келісімге қол қойылды. Бұл туралы агенттік тілшісіне ОҚО ауыл шаруашылық департаментінің бас маманы Шыбыкүл Мары хабарлады.

"Келісім бойынша дизельдік отын $595 (71 887,9 теңге) құнымен жеткізіледі. Өткен жылы олар бізге бір тонна дизель отынын 54 265 теңгеге сатқан", - деп атап өтті Ш. Мары.

Май құю бекеттері иелерінің ақпараты бойынша Шымкенттің мұнай өңдеу зауыты бүгінгі күні дизельдік отынды 68 300 теңгеге беріп отыр. Ал жанар- жағармай стансаларында отынның бір литрі көтерме бағамен 65 теңгеге сатылуда.

PetroKazakhstan Kumkol Resources компаниясының берген ақпараты бойынша "биылғы жылдың ақпан айының ортасында "ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз" компаниясы республикада егін егу науқанына демеу көрсетіп дизельдік отынды төмен бағамен беру жөнінде ҚР энергетика және минералды ресурстар министрлігімен меморандумға қол қойған болатын".

"Меморандум аясында әрбір жер қойнауын пайдаланушы, соның қатарында "ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз"(ПККР) компаниясы, егін науқанына бөлетін дизельдік отынның бір тоннасының бағасын белгіледі. Жер қойнауын пайдаланушылар арасында ПККР компаниясы дизельдік отынды ең төмен бағамен сату жөнінде міндеттеме алды", - деп атап өтті баспасөз қызметіндегілер.

$1 = 120,82 теңге.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны