20.07.2006, 18:05 2762

ОҚО қырғыз электрэнергиясымен қамтамасыз етілетін болады

ШЫМКЕНТ. 20 шілде. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысы қырғыз электрэнергиясымен қамтамасыз етілетін болады. Бұл туралы агенттік тілшісіне "Оңтүстік жарық тасымалдау" ЖШС баспасөз-қызметінен хабарлаған.

Баспасөз-қызметінің ақпараты бойынша, 18 шілдеден бастап бір айға созылатын электр желілерін жөндеу жұмыстарына байланысты "Север-Юг" жоғары вольтті электр желісі бойынша жарықпен қамтамасыз ету тоқтатылды. Осы уақыт аралығында ОҚО тұрғындары қырғыз электрэнергиясын тұтынатын болады. Көрші елден 105-тен 115 Мвт электр қуаты тартылады. 60-70 Мвт Шардара ГЭС өндірілетін болады. Мамандардың есебі бойынша, осы көлемдегі электрэнергиясы оңтүстік тұрғындарын толығымен қамтамасыз етуге жетеді.

Баспасөз-хатшысының айтуынша, егер Шардара су қоймасында егін суару маусымына байланысты су көлемі азаятын болса, Қырғызстан оңтүстікке берілетін электрэнергия көлемін ұлғайтады. Бұл туралы екі ел арасында келісім бар.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны