Система Orphus

ОҚО-да цифрлық технологияны қолданудыӊ нәтижесінде құс етін өндіру 5 есеге артты

12.02.2018, 20:39 2857

Шымкент. 12 ақпан. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысындағы агроөнеркәсіп кешеніне цифрлық технологияларды қолдану қарқынды дамып келеді. Мәселен, облыста заманауи технологиялар егін шаруашылығы мен мал шаруашылығында ендіріліп, оныӊ жемісін бүгінде ауыл шаруашылығы мамандары көріп келеді. Бүгінде бағбандар озық технологияныӊ нәтижесінде 2,8 мыӊ гектар жерге егілген қарқынды баудыӊ өнімділігі, дәстүрлі тәсілмен егілген 29 мыӊ гектар баудыӊ өнімділігіне қарағанда 1,5 - 2 есеге артқанына көз жеткізді. Бұл кешегі Елбасы Жолдауыныӊ үшінші бағытында айтылған "Ақылды технологиялар" - агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту тапсырмасына саяды.

Ал өӊірдегі жылыжайлардыӊ 70 гектары автоматтандырылған. Осыныӊ арқасында 1 гектарға шаққандағы өнімділік 1 жылда 200 тоннадан астам қияр мен 400 тоннаға жуық қызанақ береді. Жалпы 2017 жылы облыс бойынша жылыжайлардыӊ көлемі 2016 жылмен салыстырғанда 18 пайызға артып, 1 325 гектарды құрады. Сонымен қатар тамшылатып суару 16 пайызға артып, 59,1 мыӊ гектарды құрады.

Бұдан бөлек, мал шаруашылығында барлық мал басыныӊ есебі автоматтандырылып отыр. Бұл шара, малдардыӊ қозғалысын және барлық ветеринарлық іс-шараларды тұрақты бақылауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар облыстағы мал шаруашылығы өнімін өндіру мен өӊдеуде жаӊа технологиялар белсенді түрде қолдануда. Мысалы, сүт өндірісін дамытумен айналысатын "Бөрте-Милка" сүт тауарлы фермасы сиырды сауудан бастап азықтандыру және сүтті сақтауға дейінгі процесті автоматтандырылған жүйе арқылы атқарады. Өндірісті автоматтандыру нәтижесінде кәсіпорында 1 сиырдан жылына 7 мыӊ литрге дейін сүт алынады, ал дәстүрлі тәсілмен өнімділік 3 мыӊ литрді құрайды.

Сонымен бірге облыстағы 2,7 млн. бас құсыныӊ 1,2 миллионы заманауи автоматтандырылған құс фермаларында ("Шымкент құс", "Ордабасы құс")өсіріледі. Онда тауықтарды қоректендіру, жұмыртқа жинау, сою, дайын өнімді сақтау мен санитарлық жұмыстардыӊ барлығы автоматтандырылған жүйе арқылы іске асырылады. Цифрлық технологияны қолданудыӊ нәтижесінде құс етін өндіру 5 есеге дейін артты.

Ал еуропалық стандартарға сәйкес келетін "СПК Хамит" 2,7 мыӊ тонна өӊделген балық өнімдерін шығарса, "Ақ санат инжениринг" 1 мыӊ тонна тірі балық өсірді. Бұл кәсіпорындардыӊ өнімдері Еуропа мемлекеттеріне экспортталады. Жалпы ауыл шаруашылық саласыныӊ өнімділігін артыру мақсатында заманауи технологияларды ендіру және өндіру мен өӊдеу процесстерін автоматтандыру жұмыстарын іске асыру жергілікті атқарушы биліктіӊ басты міндеттерініӊ бірі болып отыр.

ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны