19.08.2016, 09:51 3623

ОҚО-да жол құрылысыныӊ сапасы ерекше қадағаланады

Жалпы облыста 199 нысанда жөндеу жұмыстар жүргізіліп, 519,9 шақырым жол мен жолаяқ және 16 көпірді пайдалануға тапсыру жоспарлануда.

Астана.19 тамыз. Kazakhstan Today - Облыс әкімініӊ орынбасары Жақып Бөкенбаев пен қала әкімініӊ орынбасары Бейсенбек Жанбосынов Шымкент қаласындағы құрылысы жүргізіліп жатқан бірқатар көшелердіӊ жұмысымен танысты, деп хабарлады ОҚО әкімдігі.

Жыл басында ОҚО әкімі Б. Атамқұловтыӊ тапсырмасына орай жергілікті бюджеттен қаржы қарастырылып, қаланыӊ орталық көшелерін кеӊейту жұмыстары басталған болатын. Осы аталған тапсырманыӊ орындалуын қадалаған әкімдік өкілдері Тәуке хан мен Д.Қонаев даӊғылы бойындағы жолдардыӊ жөндеу жұмыстарын аралап көрді.

Қазіргі таӊда қаланыӊ орталық көлік қозғалысындағы маӊызды бағытИТәуке хан даӊғылы бойындағы жол жиегіндегі арықтар, аяқжолдар мен пандустар жаӊартылуда. Күрделі жөндеу жұмыстары осы жылдыӊ қараша айына дейін жалғасын таппақ. Қуантарлығы, құрылыс жұмыстарына пайдаланылған қажетті материялдардыӊ 95 пайызы отандық құрылыс өнімдері.

Айта кетейік, жалпы облыста 199 нысанда жөндеу жұмыстар жүргізіліп, 519,9 шақырым жол мен жолаяқ және 16 көпірді пайдалануға тапсыру жоспарлануда. Оныӊ ішінде облыстық маӊызы бар автомобиль жолдарыныӊ 153,1 шқ. күрделі және 147,9 орташа жөндеуден, 72,3 шқ. құрылыс пен қайта құру, 146,7 шқ. елді мекендердіӊ көшелері орташа жөндеумен қалпына келтірілетін болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны