12.12.2013, 18:11 3901

ОҚО-ның 700 ауылдық пункті "Ақ бұлақ" бағдарламасы бойынша ауыз сумен қамтылады - А. Мырзахметов

"Ақ бұлақ" бағдарламасы аясында 2013 жылы 47 сумен жабдықтау нысанының құрылысы жүргізілуде. Нәтижесінде 16 елді мекен, 18,8 мың халық ауыз сумен қамтамасыз етiлiп, ауыз сумен қамтамасыз етілген ауылдардың саны 665-ке жетедi, осылайша 2,3 млн тұрғын таза ауыз суға қол жеткізеді", - деді облыс әкімі.

Алматы. 12 желтоқсан. Kazakhstan today. Оңтүстік Қазақстан облысында 2013 жылы 700 ауылдық пункт "Ақ бұлақ" бағдарламасы бойынша ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Бұл жөнінде бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов мәлім етті.

"Ақ бұлақ" бағдарламасы аясында 2013 жылы 47 сумен жабдықтау нысанының құрылысы жүргізілуде. Нәтижесінде 16 елді мекен, 18,8 мың халық ауыз сумен қамтамасыз етiлiп, ауыз сумен қамтамасыз етілген ауылдардың саны 665-ке жетедi, осылайша 2,3 млн тұрғын таза ауыз суға қол жеткізеді", - деді облыс әкімі.

"14 аудандағы мемлекеттік коммуналдық мекемелерге 236 дана арнайы техникалар алынды. 190 елді мекенде 251 дана су тазартқыш станция орнатылды", - деп толықтырды А.Мырзахметов.

"Облыста құрылыс жұмыстарын қажетсініп тұрған пунктілер 349, оның 155 тізімнің басында тұр. Суқұбырымен қамтамасыз етілмеген аймақтар ИЖТМ құзырына ұсынылды. 2013 жылы 24 ауылдық жерде геологиялық жұмыстар басталды, 147 елді-мекенде бұл жұмыстар құрылымы жүргізілуде", - деді әкім.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны