31.10.2007, 10:51 3200

Омскіде Ресей мен Қазақстанның тауар өндірушілерінің форумы өтеді

Омскіде Ресей мен Қазақстанның тауар өндірушілерінің форумы өтеді.

Павлодар. 31-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Омскіде Ресей мен Қазақстанның шекаралас аймақтарының тауар өндірушілерінің форумы өтеді. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Омск облысының әкімшілігінен хабарлады.

"Аталмыш іс-шараның басты мақсаты - екі мемлекеттің шекаралас аумақтарындағы екіжақты өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту",- деп атап өтті аймақ әкімшілігіндегілер. Олар сондай-ақ "осы тектес бірінші рет өтіп жатқа форумға 50-ден астам ресейлік және қазақстадық компаниялар қатысады, деп күтілуде",- деп қосты.

28 - 29-қарашада екі күн бойы өтетін форум аясында инвестициялық жобалардың ашылуы, сондай-ақ ресейлік және қазақстандық іскер орталардың арасындағы бизнес келіссөздерін ұйымдастыру жоспарлануда. Сонымен қатар, "Транспорттық-логистикалық инфрақұрылым құру, Ресей мен Қазақстанның шекаралас ынтымақтастығы"; "Қазақстан мен Ресейдің шекаралас аймақтарындағы ынтымақтастық мәселелеріне қатыты әлеуетті мүмкіндіктері" сияқты тақырыптарда ғылыми-практикалық конференция және "Кәсіпорындардағы сыртқы эконмикалық іс-қызметті жүзеге асыру барысындағы проблемалар" тақырыбында семинар жүргізу межеленген.

Омск облысы әкімшілігінің хабарлауынша, Қазақстан Омск облысының ТМД елдерінің арасындағы сауда серіктестерінің арасындағы көшбасшы орынды иеленеді. 2007 жылдың аяғына дейін Қазақстанмен сауда айналымы 430 млн АҚШ долларына жетеді.

Қазіргі уақытта облыс аумағында 30-дан астам ресей-қазақстандық кәсіпорындар қызмет істейді. Қазақстандық компаниялардың қолдауымен бірнеше ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Жуықта Омск облысының үкіметі, "ТұранИлем" банкі мен "Титан" компаниялары тобының арасында үшжақты инвестициялық келісім жасалған, онда 2012 жылға дейін мұнайхимия кешені саласында бірнеше жаңа кәсіпорындар құру қарастырылған.

Сонымен қатар, Қазақстанның жетекші банк құрылымы ипотекалық несиелеу мен тұрғын үй құрылысын, Омск облысының ауылшаруашылығын қаржыландыруға қатысады. Қазақстандық бизнестің аймақ экономиксына салған инвестициясының жалпы көлемі бүгінгі күнде 200 млн АҚШ долларынмен бағаланады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны