14.07.2014, 20:20 4253

Өнеркәсіптік өнімнің нақты көлем индексі 99,6% құрады

Өнеркәсіп өнімдерінің өндіріс көлемдерінің өсуі республиканың 10 өңірінде байқалды. Шығыс Қазақстан облысында өндіріс көлемі өткен жылдың деңгейіне сәйкес келеді.

Алматы. 14 шілде. Kazakhstan today. Өндірістік өнімді өндіру көлемі еліміздің 10 аймағында байқалды, деп ҚР Статистика агенттігінен хабарлады.

2014 жылғы қаңтар-маусымда 2013 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда мұнай, мыс кендері және теміркенді шекемтастардың өндірісі төмендеді.

Химиялық өнеркәсіп өнімдерінің, негізгі бағалы және түсті металдардың өндірісі төмендеді. Төмендеу Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, Павлодар облыстарында және Астана қаласында тіркелді.

Сонымен бірге, табиғи газ, мыс қойыртпалары және хром кендерінің өндірісі өсті. Тамақ өнімдерінің, құрылыс материалдарының және қағаз өнімдерінің өндірісі жоғарылады.

Өнеркәсіп өнімдерінің өндіріс көлемдерінің өсуі республиканың 10 өңірінде байқалды. Шығыс Қазақстан облысында өндіріс көлемі өткен жылдың деңгейіне сәйкес келеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны