01.02.2008, 16:43 2880

Оңтүстік Қазақстан облысы бүкіл Қазақстанды көкөніспен қамтамасыз етуге тиіс - ҚР ауылшарушалық министрі

Оңтүстік Қазақстан облысы бүкіл Қазақстанды көкөніспен қамтамасыз етуге тиіс - ҚР ауылшарушалық министрі

Шымкент. 1-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - 2010 жылы Оңтүстік Қазақстан облысындағы жоғарғы өнімді жылыжайларының аумағы үш есеге өсетін болады. Бұл туралы Шымкентте өткен Оңтүстік Қазақстан облысының агроөнеркәсіп саласын дамту мәселелері жөніндегі семинар-кеңесте Қазақстан Республикасының ауылшаруашылық министрі Ахметжан Есімов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Бүгінде Қазақстан барлық негізгі ұстанымдар бойынша өзін-өзі толық қамтамасыз етіп отыр, бірақ ерте шығатын көкөніс проблемалары, жеміс-жидекпен және жүзіммен қамтамасыз етуге қатысты проблемалар бар. Сондай-ақ, ауылшаруашылық шикізаттарын қайта өңдеу проблемасы да бар. Оңтүстік Қазақстан облысында осы проблемаларды шешу үшін өте қолайлы климаттық мүмкіндіктер бар",- деді А. Есімов.

Ерте пісетін көкөністермен және жеміс-жидектермен қамтамасыз ету проблемаларын шешу үшін облыста жылыжай шаруашылығының алаңын қарқынды өсіру жоспарлануда. Қазіргі уақытта облыстағы жылыжайлар 116 гектарды алып жатыр. 2008 жылы жылыжай аумағын 200 гектарға, 2009 жылы - 250 гектарға, 2010 жылы - 300 гектарға дейін жеткізу жоспарланған. Сонымен қатар көшетханалар алаңы 500 гектарға дейін жеткізілетін болады.

Бірақ ауылшарушалық өнімдерін өндірушілер жылыжай шаруашылығын ұйымдастыру барысында айтарлықтай қиыншылықтарға тап болады. "Жылыжайға арналған құрылғыларның өзі өте өымбат, оған қоса кедендік тарифтер де жоғары. Біз Ауылшаруашылық министрілігіне осы тарифтерді қысқарту немесе мүлдем алып тастау ұсыныс жасадық",- деді Оңтүстік Қазақстан облысының ауылшарушалық департаменті директорының орынбасары Тасболат Есімов.

Сонымен қатар, Т. Есімовтің пайымдауынша ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілер жылыжай шаруашылығына арналған инженерлік коммуникациясын - электр желілерін, газ құбырларын тарту мәселесінде мемлекеттің көмегіне зәру.

Ауылшарушылық министрі А. Есімов осы көтерілген мәселелерге назар аударылатындығына уәде берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны