06.12.2016, 16:51 3835

Оӊтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданыныӊ бюджеті 25 жылда 16 есеге өскен

Сонымен бірге, Тәуелсіздік жылдары ауданда 29 жаӊа білім ғимараттары салынған. Жалпы, Төлебиде бүгінгі таӊда 68 мектеп болса, 1991 жылдан бері соныӊ 53-і күрделі жөндеуден өтіп, ыӊғайластырылған мектептер саны қысқарып, типтік білім мекемелер саны 57-ге жеткен.

Шымкент. 6 желтоқсан. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ Төлеби ауданында Тәуелсіздік жылдары 29 жаӊа мектеп салынған. Бұл туралы аудан әкімі Бұхарбай Парманов ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында мәлім етті, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Тәуелсіздік жылдарындағы Төлеби ауданындағы жетістіктерді баяндаған Б.Парманов аудандағы жергілікті бюджет көлемі осы жылдар ішінде 16 есеге өсіп, бүгінгі таӊда 11 млрд. теӊгеден астам қаржыны құрағанын айтты. Сәйкесінше, ішкі кіріс те көӊіл қуантады. Егемендік алған кезеӊде аудандағы ішкі кіріс көлемі 240 млн. теӊгеден 1 млрд. теӊгеге жетіп, 4,5 есеге өскен.

Сонымен бірге, Тәуелсіздік жылдары ауданда 29 жаӊа білім ғимараттары салынған. Жалпы, Төлебиде бүгінгі таӊда 68 мектеп болса, 1991 жылдан бері соныӊ 53-і күрделі жөндеуден өтіп, ыӊғайластырылған мектептер саны қысқарып, типтік білім мекемелер саны 57-ге жеткен.

Баспасөз мәслихатында "Бизнестіӊ жол картасы-2020" мемлекеттік бағдарламасы аясында ауданда 2012-2015 жылдары жалпы 13 млрд. 233 млн. теӊгені құрайтын 35 жоба мақұлданып, іске асырылғандығы туралы айтылды.

"Тәуелсіздігіміздіӊ 25 жылы ішінде ауданныӊ 51 елді мекенінде ауыз су жүйесініӊ құрылыстары жүргізіліп, орталықтандырылған ауыз сумен аудан халқыныӊ 93,7 пайызы, газдандыру жұмыстары бойынша 55 елді мекенніӊ бүгінгі таӊға 36 ауылы немесе 82 пайызы табиғи газбен қамтылып отыр", - деді аудан басшысы.

Сондай-ақ, БАҚ өкілдерімен болған кездесуде Б.Парманов Төлебидегі жұмыссыздық деӊгейі 6 пайыздан 4,9 пайызға түсіп, жылма жыл ауданныӊ жұмыссыздық деӊгейі төмендеп келе жатқаны туралы мәлімдеді. Мәселен, жыл басынан бері ауданда 2 мыӊнан астам жаӊа жұмыс орны ашылған.

Икімніӊ мәліметінше, Тәуелсіздік жылдары аудандағы 18 мәдени ошақтарыныӊ 7-уі күрделі жөндеуден, 8-і ағымдағы жөндеуден өтсе, 1 мәдениет үйі жаӊадан салынып, қазіргі таӊда 19 мәдениет ошағы жұмыс істеуде.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны