27.02.2008, 18:17 3140

Оңтүстік Қазақстан облысында басқа аймақтарға тасымалдайтын көкөніс өнімдерінің қоры жоқ

Оңтүстік Қазақстан облысында басқа аймақтарға тасымалдайтын көкөніс өнімдерінің қоры жоқ

Шымкент. 27-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысында көкөніс өнімдерінің қоры жоқ, оңтүстіктен көкөніс тасымалын тек мамыр айында ғана бастауға болады. Бұл туралы бүгін облыстық әкімшілікте еліміздің индустрия және сауда министрі Владимир Школьниктің төрағалығымен өткен кеңесте айтылды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Алдымыздағы басты міндет - берілген дәлізде инфляцияны ұстап тұру. Және де бұдан маңызды міндет жоқ. Қаңтар айында инфляция желтоқсанмен салыстырғанда 1,1 пайызды құраған, бұл көрсеткіштің 50 пайызы көкөніс өнімдері бағасының өсуіне негізделіп отыр. Біз Қазақстанды халықтың қол жетерлік бағадағы көкөністермен қамтамасыз етуге тиіспіз",- деп мәлім В. Школьник.

В. Школьниктің пайымдауынша, қазіргі уақытта бұл міндетті шешудің екі жолы бар: осында, облыста көкөніс өнімдерін өндіруге ынталандыру және жеміс-жидектер мен көкөністерді басқа елдерден тасымалдауға барынша себепші болу.

ҚР Индустрия және сауда министрлігінің сауда бөлімінің төрағасы Айдар Қозыбақов өз баяндамасында, облыстағы ахуалмен таныса келе Қазақстанның оңтүстігінде көкөніс өнімдерінің тауарлық қорының жоқ екендігін айтуға мәжбүр екендігін атап өтті.

"Біз кеше "Оңтүстік" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясымен бірге аталмыш проблемаға қатысты мәселелерді пысықтадық. Өкінішке орай, дәл осындай жағдайда Оңтүстік Қазақстан облысынан ақпан - сәуір айларында көкөніс тасымалдау мүмкіндігі болмай отыр. Нарықта ұсыныс жоқ. Күзде құрылған қор жетпеді. Бағаның шарықтауы басталып та кетті. Көкөністер жоқ, көрші елдерден тасымалдау қажет. Мамыр айынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысынан фьючерстік қаржыландыру жағдайында тұрақты тасымалдау реттелуі мүмкін. Біз барлық әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларға "Оңтүстік" Илеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясымен фьючерс жөніндегі мәселені пысықтауды ұсындық",- деді А. Қозыбақов.

Сонымен қатар, олардың пайымдауынша, көкөніс өнімдерін көктемгі сатып алу үшін мемлекеттік сатып алу жүйесіне өзгертулер енгізу керек, деп атап көрсетті А. Қозыбақов. "Илеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялары үшін тендерлік процедура бойынша іс-әрекет ету қажеттілігін алу керек. Ийтпесе бұл ұзаққа созылып кетеді",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны