28.09.2016, 10:09 4483

Оӊтүстік Қазақстан облысында израильдік кәсіпкерлердіӊ қатысуымен 15 жоба іске асуда

Қос ел өкілдері күркетауық етін өӊдеу осы ынтымақтастық аясында іске асырылған сәтті жобалардыӊ бірі деп санайды.

Шымкент. 28 қыркүйек. Kazakhstan Today - Израиль мен Оӊтүстік Қазақстан облысы арасындағы ынтымақтастық нығая түседі. Осыған дейін ауыл шаруашылығы, медицина салаларында әріптестік жасасып келе жатқан қос тарап алдағы уақытта тағы бірнеше жобаны бірлесіп іске асырмақ. Бастамалар Шымкентте өткен Қазақстан-Израиль бизнес форумында талқыланды, деп хабарлайды облыс әкімініӊ баспасөз қызметі.

Израильдіӊ Қазақстандағы елшілігі мен облыстық әкімдік өкілдері арасындағы меморондум жаӊа жобаларға жол ашпақ. Сонау кеӊес дәуірінен бастау алатын қос тарап ынтымақтастығыныӊ ауыл шаруашылығы, медицина, қауіпсіздік салаларын дамытуда маӊызы айрықша.

Қос ел өкілдері күркетауық етін өӊдеу осы ынтымақтастық аясында іске асырылған сәтті жобалардыӊ бірі деп санайды. Биыл 10 мыӊ тонна дайын өнім шығаруды қолға алған кәсіпорын кезінде нарықта сұранысы төмендеп кеткен құс етін өӊдеп, саудаға шығарды. Қазақстанныӊ құс етін шығарушылар қауымдастығыныӊ мәліметіне қарағанда, бүгінде елімізде құс етіне деген сұраныс жылына 350 мыӊ тоннаны құрайды екен. Мамандар бұл тауарға қазір өзге де елдерден тапсырыс көптеп түсіп жатыр дейді. Таяу Шығыс елінен келген делегаттар енді балық етін баптауға да құлшынып отыр.

Айта кетейік, бүгінде облыста израильдіктердіӊ қатысуымен 15 жоба іске асуда. Оныӊ дені ауыл шарушалығы саласында. Шетелдік бизнесмендер біздегі климаттық жағдай мен инфрақұрылымныӊ жолға қойылғанына тәнті. Енді күнгейде жасыл экономиканы дамытып, баламалы қуат көздерін көбейтсек деген ниеті бар.

Таяу Шығыстан келген бизнес өкілдері Шымкенттіӊ қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әріптестік жасасуға дайын. Диалог алаӊында тараптар "Қауіпсіз қала" және "Ақылды қала" жобаларыныӊ тұжырымдамасын да талқылады. Сондай-ақ, алдағы уақытта қос тараптыӊ денсаулық сақтау саласында бірлесіп атқарар шаралары қыруар.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, кеше Шымкенттегі "Риксос" қонақ үйінде Оӊтүстік Қазақстан облысы мен Израиль кәсіпкерлерініӊ бизнес-форумы өтті.

Оӊтүстік Қазақстан облысы әкімдігі ұйымдастырған форумда медицина, ауыл шаруашылығы және қауіпсіздікті сақтау салалары бойынша келіссөздер жүргізілді. Бас қосуда Оӊтүстік Қазақстан облысы әкімініӊ орынбасары Сапарбек Тұяқбаев форумнан үлкен үміт күтетінін жасырмады.

"Израильде медицина, ауыл шаруашылығы жақсы дамыған. Бұл салаларда әлемдегі көшбасшылардыӊ бірі болып табылады. Біз осы форум арқылы Израильдіӊ беделді кәсіпорындарын өӊірімізге инвестиция салуға шақырамыз. Шымкент қаласында, сондай-ақ бірнеше аудан, қалаларымызда индустриалды аймақтар бар. Шетелдік инвесторлармен бірлесіп жұмыс істеуге, әріптестік орнатуға дайынбыз. Алдағы уақытта фермерлер дайындайтын орталық ашу жоспарда бар", - деді Сапарбек Тұяқбаев.

Израильдіӊ Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Михаэль Бродский екі елдіӊ медицина саласы бойынша байланысы жоғары деӊгейде екенін мәлімдеді.

"Бүгін Израиль мен Оӊтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлерініӊ форумы бірінші рет өтіп отыр. Бұл облыс біздіӊ кәсіпкерлерді қызықтырады. Илеуеті жоғары. Шағын кәсіпкерлік дамыған. Сондықтан тамшылатып суару, жылыжай құрылысы, энергия үнемдеуші технологияларды енгізу, медицина саласын дамыту мәселелері бойынша тиімді байланыс орнатамыз деген сенімдемін. "Ақылды қала" жобасын жүзеге асыру, қауіпсіздікті сақтау мәселелері бойынша да ұсынатын жобаларымыз бар", - деді ол.

Форумда ОҚО әкімдігі мен Израиль мемлекеті арасында өзара түсіністік және әріптестік меморандумына қол қойылды. Форум аясында қос елдіӊ кәсіпкерлері В2В форматында кездесулер өткізіп, өӊірдегі кәсіпорындар мен медициналық мекемелерді аралады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны