17.06.2008, 16:26 2822

Оңтүстік Қазақстан облысында шағын бизнесті қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарлама аясындағы қаражат тоқыма саласына бағытталмақ

Оңтүстік Қазақстан облысында шағын бизнесті қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарлама аясындағы қаражат тоқыма саласына бағытталмақ

Шымкент. 17 маусым. "Қазақстан Бүгін" - "Оңтүстік Қазақстан облысындағы шағын және орта кәсіпкерлік жобаларын нысаналы қаржыландыру" бағдарламасы аясындағы 800 млн теңге қаражат "Оңтүстік" арнаулы экономикалық аймақ аумағындағы шағын және орташа тоқыма кәсіпорындарын дамытуға бағытталады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Кеше әкімдікте Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Нұрғали Ишімов, "Кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ басқармалары төрағасының орынбасары Дәулет Бақберген мен "Өңірлік инвестициялық "Максимум" орталығы" ЖШС директоры Эльдар Қабиев ынтымақтастық туралы үш жақты келісімге қол қойды.

Келісімге сәйкес, "Оңтүстік Қазақстан облысындағы шағын және орта кәсіпкерлік жобаларын нысаналы қаржыландыру" бағдарламасы бойынша жобаларды қаржыландыруға "Өңірлік инвестициялық "Максимум" орталығы" ЖШС 300 млн теңге, ал "Кәсіпкерлікті дамыту қоры" - 500 млн теңге бөледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны