18.01.2017, 17:07 4966

Оӊтүстік Қазақстан облысында шұбат өндірісі жолға қойылады

Түркістан қаласында қымыз бен шұбат өӊдеу зауытыныӊ іргетасын қалау рәсімі өтті. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі "100 нақты қадам" Ұлт жоспарыныӊ 60 қадамын орындау мақсатында осы жобаны бастама етіп көтерді.

Астана. 18 қаӊтар. Kazakhstan Today - Түркістан қаласында қымыз бен шұбат өӊдеу зауытыныӊ іргетасын қалау рәсімі өтті. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі "100 нақты қадам" Ұлт жоспарыныӊ 60 қадамын орындау мақсатында осы жобаны бастама етіп көтерді.

Өӊдеу зауытын қазақстандық "Вторметалсервис" компаниясы жүзеге асыратын болады. Ол қытайлық "Голден Кэмел групп" компаниясыныӊ инвестицияларын тартты.

Осындай объектіні салу еліміздіӊ өӊделген өнім экспортын жоғарылатуға мүмкіндік беретінін атап өткен жөн. Зауыттыӊ жобалық қуаттылығы жылына 33 000 тонна.

Жобаны іске асыру мультипликативті әсерін береді. Яғни, осы маӊды мекендейтін ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту мәселелерін ішінара шешуді көздейді. Сондай-ақ, түйе шұбатынан дәрі-дәрмек өндірісін және ОҚО-ғы сүтті дайындау жөнінде ауыл шаруашылық кооперацияны дамытуға серпін береді.

Анықтама: Қазіргі уақытта "Ауыл шаруашылығы кооперациясы туралы" заӊын іске асыру барысында 564 ауыл шаруашылық кооперативі тіркелген. Оныӊ ішінде 81 ауыл шаруашылық кооперативі сүтті дайындау мен сатуға бағытталған. Бұл дегеніміз жылына 8,0 мыӊнан астам ЖҚШ тарта отырып, 40 мыӊ тонна сүт өндіруге мүмкіндік болады деген сөз. Кооперативтерді құруды қаржыландыру үшін "Жұмыспен қамтудыӊ жол картасы - 2020" бағдарламасы шеӊберінде 31,8 млрд. тенге көзделген.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны