15.09.2016, 11:20 4997

Оӊтүстік Қазақстан облысында тамақ өнеркәсібіне 3 млрд теӊгеден астам инвестиция тартылды

Инвесторлардыӊ үздік үштігінде Германия, Польша және Түркия елдері көш бастап тұр.

Шымкент. 15 қыркүйек. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысында 2016 жылғы 7 айда тамақ өнеркәсібіне 3 млрд теӊгеден астам инвестиция салынған. Дәл осы көрсеткіш жыл соӊына дейін еселене түспек, деп хабарлады обыс әкімдігі.

Мәселен, инвестиция тартылған жобалардыӊ бірі Қазығұрт ауданында жүзеге асқан "Lotus Food Company LLC" ЖШС тез дайындалатын кеспе жобасы. Бұл жобаға 471 млн. теӊге көлемінде инвестиция салынған. Сонымен қатар, 1 млрд. 900 млн. теӊге инвестиция тартылған "Шымкент май" жобасы бүгінде өз өнімдерін экспортқа шығаруда.

Инвесторлардыӊ үздік үштігінде Германия, Польша және Түркия елдері көш бастап тұр.

Айта кетейік, тамақ өнеркәсібін дамыту мақсатында Шымкентте қазақстандық және шетелдік жетекші компаниялар қатысқан "AgroProm Shymkent 2016" көрмесі өтті.

Көрмеде азық-түлік және сусын түрлері, ыдыс пен қаптаманы өндіруге арналған материалдар мен жабдықтар ұсынылды. Сондай-ақ, шара барысында "Оӊтүстік Қазақстан облысында тамақ өнеркәсібін дамыту: үрдістері мен перспективалары" тақырыбында дөӊгелек үстел өтті.

Облыс әкімі атап өткендей, басым бағыттардыӊ бірі - инвестиция тарту болып табылады. Осы мақсатта "Ontustik Invest-2016" халықаралық инвестициялық форумы өткізілді. Еуропа және Азия елдеріне ресми іссапарлар ұйымдастырылуда.

"Бүгінгі таӊға шетелдік инвесторлардыӊ қатысуымен жалпы құны 2 млрд. АҚШ долларынан астам 24 жоба іске асырылуда",- деді Б.Атамқұлов.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны