23.08.2006, 15:57 3220

Оңтүстік Қазақстан облысында жанармай бағасы өткен жылдың ең жоғары деңгейінен асып кетті

ШЫМКЕНТ. 23 тамыз. Kazakhstan Тoday. Оңтүстік Қазақстан облысында жанармай бағасы өткен жылдың ең жоғары деңгейінен асып кетті . Бұл жөнінде Kazakhstan Тoday агенттігінің тілшісіне ОҚО жанармай тарату бекеттері қауымдастығының бастығы Қайыпбек Қамбаров хабарлады.

Қ.Қамбаровтың мәліметіне қарағанда, қазіргі кезде Шымкентте АИ-80 маркалы жанармай 58-60 теңге, АИ-92 76-78 теңге болды. Аудандық жерлерде жанармай бағасы 90-100 теңгеге жеткен. Шамамен өткен жылы да үкімет жанар жағармай экспортына тыйым салу туралы шешім қабылдар алдында баға осылай шарықтаған болатын.

Қауымдастық төрағасының айтуынша, жанармай тапшылығынан қалада жанармай құю бекеттерінің небәрі 60% жұмыс істеп тұр, көптеген бекеттер талонмен қызмет көрсетуге көшкен. " Жанармай бекеттері иелерінің өздері келісім жасасқан бюджеттік ұйымдар мен мекемелер алдында міндеттемелері бар",-дейді Қ.Қамбаров.

Қауымдастық төрағасының ақпаратына сәйкес, "Нефтепродукты" ЖШС ("PetroKazakhstan" компаниясының ұйымы),мұнай айдау зауытынан тікелей жанармай бекеттеріне жанар жағар май жіберетін жалғыз ұйым, өнім көлемін 3-4 есе төмендеткен. "Бұрын бір бекет орта есеппен 8-10 тонна алатын. Ал қазір ауызша айтылған нұсқау бойынша ешкімге 2-2,5 тоннадан асық жанар жағар май берілмейді",- деп атап өтті Қ. Қамбаров. Сондықтанда май құю бекеттерінің иелері облыс жанар-жағар май тапшылығын тартып жатқанын айтады.

Қ.Қамбаров, "біз үкіметтің мұнай өндіруші компанияларымен 21-шілдеде жасасқан келісіміне риза емеспіз. Егер нарықта өнім жетіспесе , онда бекітілген баға туралы айтудың реті жоқ. Айлық сұраныстың орташа есебі бойынша ішкі нарықты жанар-жағар маймен тұрақты қамтамасыз ету туралы келісім қажет. Жанармай тапшылығынан бағаның шарықтауы инфляцияға әкеп соқтыратынын үкімет түсінбей ме? ", -деп мәлімдеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны