02.02.2010, 13:27 2897

Оңтүстік Қазақстан облысында жанар-жағармай нарығындағы бес оператордың үстінен әкімшілік іс қозғалды

Оңтүстік Қазақстан облысында жанар-жағармай нарығындағы бес оператордың үстінен әкімшілік іс қозғалды

Шымкент. 2 ақпан. Kazakhstan Today - Оңтүстік Қазақстан облысында ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігі жанар-жағармай нарығындағы бәсекеге қарсы іс-әрекеттері әшкереленген бес операторға айыппұл салды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттіктің Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық инспекциясының хабарламасына сілтеме жасап.

"Бүгінгі жағдаймен жанар-жағармай нарығындағы бес субъект бойынша монополияға қарсы заңның жанармай сату кезінде баға белгілеу жөне оны ұстау жөніндегі бөлігін бұзу оқиғасы қаралуда. Бұл дерек бойынша әкімшілік іс қозғалды, олар одан әрі қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес соттың қарауына ұсынылады", - деді өңіраралық инспекцияның ұйымдастыру-құқықтық бөлімінің төрайымы Гүлназ Ишірбаева.

Оның айтуынша, жалпы көлемі 8 млн теңгенің айыппұлы салынды.

"Қазіргі сәтте заң бұзушылықтары әшкереленген осы субъектілерге жүктелген айыппұл 7 млн 938 мың теңгені құрайды. Операторлар тапқан монополиялық кіріс 30 млн теңге көлемінде есептелді", - деді Г. Ишірбаева.

Еске сала кетейік, өткен жылдың күзінде Оңтүстік Қазақстан облысында жанар-жағармай бағасы күрт көтерілді. АИ-92 жанармайының бір литрінің бағасы 100 - 120 теңгеге жетті, алайда осындай бағаға қарамастан, нарықта жанармайдың тапшылығы байқалды. Дағдарысты еңсеру үшін үкімет жанар-жағармайды өнім өндірушілерден көтерме бағаға алып, артынан жанармай облыстан тысқары шығарылмауы үшін бөлшек саудадағы баға деңгейін қадағалай отырып Жанармай таратушы бекеттерге тарататын бірнеше операторды таңдауға шешім қабылдады. Алайда, осындай тоғыз оператордың бесеуі өз кезегінде жанар-жағармайдың бағасын көтеру үшін ымыраластыққа барып, бәсекеге қарсы іс-әрекеттер жасады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны