18.10.2016, 15:41 3992

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі өнеркәсіп орындарын аралады

Жұмыс сапары кезінде Жансейіт Қансейітұлы жалпы аумағы 89 га болатын "Тассай" индустриялық аймағында болып, жұмысын көрді. Болашақта мұнда 23 зауыт жұмыс істейтін болады.

Шымкент. 18 қазан. Kazakhstan Today - Өӊір басшысы Жансейіт Түймебаев Шымкенттегі өнеркәсіп және агроэнеркәсіп кәсіпорындарын аралады, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Еӊ алдымен, аймақ басшысы қаладағы облыстық кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында болып, мекеменіӊ тыныс-тіршілігімен танысты. Орталықтыӊ көмегімен бұл күнге дейін 108 мыӊға жуық кәсіпкер кеӊес алып, 27 мыӊнан астам азамат кәсіпкерлік мектебін тәмамдаған. Ал қаржыландырылатын жобалар 4 мыӊға жуықтайды.

Кездесу барысында облыс ?кімі к?сіпкерлер үшін ?кімшілік кедергілерді жою үшін нақты іс шара жоспарын жасап ерекше қолға алу керектігін тапсырды.

Жұмыс сапары кезінде Жансейіт Қансейітұлы жалпы аумағы 89 га болатын "Тассай" индустриялық аймағында болып, жұмысын көрді. Болашақта мұнда 23 зауыт жұмыс істейтін болады.

Айта кету керек аталған аумақ Қазақстандағы еӊ үлгілі индустриялық аймаққа айналуға қауқары бар. Себебі мұнда кәсіпкерлерден 100% инвестиция тартылған. Фармацевтика, машина жасау және жиһаз индустриясы секілді салалардыӊ кластерлік дамуына бағытталған аймақты аралаған облыс әкімі кәсіпкерлердіӊ мәселелеріне қанығып, оны шешу жолдарын талқылау жөнінде жиналыс ұйымдастыруды тапсырды. Сонымен қатар сапалы инфрақұрылым тартуды жүктеді.

Мұнан бөлек, Ж.Түймебаев қаладағы су сорғыларын шығаратын "Karlskrona LC AB" ЖШС мен "Azala textile" тоқыма кешенінде болды. Жылына 6500 дана тиегіш сорғы мен дистік айналма бекітпелер шығаруға мүмкіндігі бар "Karlskrona LC AB" ЖШС-ніӊ автоматтандыру деӊгейі жоғары болуыныӊ есебінен 40 адам жұмыспен қамтылған.

Ал "Azala textile" тоқыма кешені жылына 2 824 тонна иірім жіп, 13 млн. погонды метр мата, 2 млн. төсек жабдығыныӊ жиынтығы және 7 млн. дана түкті тігін бұйымдарын өндіруге қауқарлы. Айта кету керек, тоқыма фабрикасы сынды өнеркәсіп орны елімізде әзірге жалғыз.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны