10.11.2016, 13:25 4023

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Шымкенттегі жылыжай кешенін аралап көрді

Төрт гектардан астам аумақты құрайтын өндірістік кешен Түркия және Голландия мемлекетінен әкелінген құрал жабдықтармен қамтылған. Заман талабына сай соӊғы үлгідегі жылыжайда жылына 1 мыӊ тоннадан астам қияр өндірілуде.

Шымкент. 10 қараша. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Жансейіт Түймебаев Шымкенттегі бірқатар нысандарда болып, ондағы атқарылып жатқан жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Еӊ алдымен аймақ басшысы "Агробизнес 2020" бағдарламасы бойынша іске асырылған көкөніс өсіретін "SMG Greenhouse profit" ЖШС-ніӊ жылыжай кешенін аралап көрді. Төрт гектардан астам аумақты құрайтын өндірістік кешен Түркия және Голландия мемлекетінен әкелінген құрал жабдықтармен қамтылған. Заман талабына сай соӊғы үлгідегі жылыжайда жылына 1 мыӊ тоннадан астам қияр өндірілуде.

Серіктестік мамандарыныӊ айтуынша, мұнда бүгінде аптасына 29-30 тонна көкөніс өнімдері жиналып, Қазақстан мен Ресейдіӊ Екатеринбург, Омбы облыстарыныӊ нарығына шығарылуда. Сондай-ақ, олар бүгінде 45 адам еӊбек ететін ауыл шаруашылығы кешенінініӊ көлемін тағы да 4 гектарға ұлғайтуды жоспарлап отырғанын жеткізді.

Жылыжай жұмысымен, мұнда еӊбек ететін жұмысшылардыӊ жағдайымен танысқан облыс әкімі өндірілетін өнімді еӊ алдымен ішкі нарыққа, сосын шекаралас жатқан Өзбекстан мен Қырғызстан мемлекетіне экспорттау жайын қарастыруды, жұмысшылардыӊ жалақысын мүмкіндігінше көтеруді тапсырды.

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ 2016 жылғы қаӊтар-қазан айларыныӊ әлеуметтік-экономикалық дамуыныӊ негізгі қорытындысына сәйкес:

Ауыл шаруашылығыныӊ жалпы өнім көлемі 383,6 млрд. теӊгені құрады, бұл өткен жылдыӊ сәйкес кезеӊімен салыстырғанда 1,2%-ға артып, оныӊ ішінде егін шаруашылығы - 216,3 млрд. теӊге (100,5%), мал шаруашылығы - 166,4 млрд. теӊгені құрады (102,2%).

Облыстыӊ барлық шаруашылық санаттарында 165,4 мыӊ тонна - ет (тірідей салмақта), 615,6 мыӊ тонна - сүт, 256,1 млн. дана - жұмыртқа өндірілді, немесе тиісінше, өткен жылдыӊ тиісті кезеӊіне - 103%, 101,7% және 102,9% құрады.

2016 жылдыӊ 1- қарашасына облыстағы шаруашылықтардыӊ барлық санаттарындағы ірі қара мал саны - 874,2 мыӊ басты, немесе өткен жылдыӊ сәйкес кезеӊіне - 104,3%, қой - 3748,1 мыӊ басты, немесе 102,9%, ешкі - 295,3 мыӊ басты, немесе 95,8%, жылқы - 238,2 мыӊ басты, немесе 108,7%, түйе - 23,8 мыӊ басты, немесе 103,0%, шошқа - 26,8 мыӊ басты, немесе 84,3%, құс саны - 2480,1 мыӊ басты, немесе 108,1% құрады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны