29.05.2008, 16:00 2340

Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал ауданында зақымдалған мақтаның үштен бір бөлігін қайта егу керек

Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал ауданында зақымдалған мақтаның үштен бір бөлігін қайта егу керек

Шымкент. 29 мая. "Казахстан Сегодня" - Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал ауданында нөсерден зақымдалғандықтан немесе шығымы нашар шығуына орай мақтаның үштен бір бөлігін қайта егу керек. Бұл туралы агенттік тілшісіне Мақтаарал ауданының әкімі Омарбек Нұржанов хабарлады.

"27 мамырда үш округте бұршақты нөсерден 2 мың 917 гектар алқап зақымдалды. Бұл бірінші жауын емес. Осы уақытқа дейін осыншама ғана алқап саналды, есептеулер әлі жүргізіліп жатыр. Биылғы жылы ауа райы құбылмалы. Қазір ауданда 95 мың гектар егілді, менің пікірімше кем дегенде 100 мың гектар егіледі. Бірақ олардың 30 гектарын қайта егу керек ", - деді О. Нұржанов.

Аудандық ауылшаруашылық бөлімінің мәліметінше, бұршақты нөсерден зақымдалған және дұрыс суғарылмаған алқаптарға мақта тұқымы қайта егіледі. Бұл жұмыстарды жүргізу үшін уақыт тығыз, биологиялық уақыттың таусылуына орай оны бір аптаның ішінде аяқтау қажет.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны