21.10.2016, 19:06 4452

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ Төлеби ауданында өткен жылы 4500 тонна, ал биыл 20500 тонна жеміс-жидек жиналған

Биыл Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ Төлеби ауданында 61265 гектар жерден өнім алынды,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Шымкент. 21 қазан. Kazakhstan Today - Биыл Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ Төлеби ауданында 61265 гектар жерден өнім алынды,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Төлеби ауданыныӊ әкімі Бұхарбай Пармановтыӊ мәлімдеуінше, 20613 гектар жерге бидай мен арпа егіліп, 55591 тонна өнім жиналған.

Қазіргі уақытқа дейін төлебилік дихандар 11439 тонна майлы дақыл, 15000 тонна картоп, 16400 көкөніс жинаған. Сондай-ақ биыл 28278 гектарға көп жылдық мал азықтық дақылдар егілсе, 5370 гектарға жаӊа жоӊышқа егілген.

Жеміс-жидек және жүзім алқаптарын 2100 гектарға жеткізу бағытында жұмыстар атқарылып, биыл қосымша 169 гектарға көшет отырғызылған. Тамшылатып суару әдісі бойынша егіс көлемі биыл 325 гектарға жетіп, қосымша 1,52 га жерге жылыжай салынған. 2016-2017 жылғы мал қыстату науқанына қажетті 241 мыӊ тонна мал азығы әзірленіп, жоспар 110 пайызға орындалды.

"Соӊғы 5 жылдыӊ көлемінде ауданымыз облыс бойынша астық және майлы дақыл өндіру бағытында 1-2 орындардан көрініп келеді. Ауа райыныӊ қолайлы болуына байланысты астық, майлы дақылдардыӊ көлемі өткен жылдарға қарағанда артығымен жиналды. Сонымен қатар, өткен жылы 4500 тонна жеміс-жидек жиналса, биыл 20500 тонна өнім жиналған",- деді әкім.

Биылғы жылы жоспарланған 42 ауылшаруашылығы техникалары толығымен алынды. Одан бөлек, ауылдарда 1 кәсіпкер өз қаражаттары есебінен МТС ашып, жұмыстар жүргізуде.

2016 жылы аудандық бюджеттен қаржы бөлініп, "Төлеби су шаруашылығы" МКК есебінен жалпы 17 канал механикалық жөндеуден өткізіліп, 9,5 шақырым арық, 2 лоток және 51 метр құбыр қойылды.

Төлеби ауданы бойынша 2017-2018 жылдарға жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін ОҚО ауылшаруашылығы басқармасына 23 канал ұсынылды. Осы каналдардыӊ барлығы күрделі жөндеуден өтсе, суармалы жерлердіӊ көлемі артып, шаруалардыӊ табысы молаятыны анық.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны