17.07.2018, 21:45 12268

Ордабасы ауданыныӊ шаруалары сазан балығын өсіре бастады

Мұнан бөлек, ауданда жеке кәсібін бастаған азаматтар баршылық. Мәселен, бүгінде Ордабасыда мал бордақылайтын 150 алаӊ жұмысын бастап, жанұялық 22 сүт фермасы іске қосылды. Сондай-ақ, жеке кәсіпкер Б.Башенов 25 мыӊ басқа арналған құс фермасын салып, жұмысын жүргізіп келеді.

Түркістан. 18 шілде. Kazakhstan Today - Түркістан облысына қарасты Ордабасы ауданыныӊ шаруалары сазан балығын өсіре бастады.

Ондағы Бөржар ауылдық округі, Жамбыл ауылында жеке кәсіпкер "Сайып ата" шаруа қожалығыныӊ төрағасы Амантай Мәулен 6 гектар жерге су айдынын жасап, 2 мыӊ дана сазан балығын суға жіберген. Өз қаржысы арқылы кәсібін бастап отырған азамат болашақта бұл мекенніӊ үлкен демалыс аймағына айналатынын айтады. Шаруасы жайменен ілгері басып келе жатқан қожалықта бес адам жұмыспен қамтылған.

Мұнан бөлек, ауданда жеке кәсібін бастаған азаматтар баршылық. Мәселен, бүгінде Ордабасыда мал бордақылайтын 150 алаӊ жұмысын бастап, жанұялық 22 сүт фермасы іске қосылды. Сондай-ақ, жеке кәсіпкер Б.Башенов 25 мыӊ басқа арналған құс фермасын салып, жұмысын жүргізіп келеді.

Осындай ілкімді істердіӊ арқасында Ордабасы ауданында 2018 жылдыӊ 5 айында ауыл шаруашылығы жалпы өнімініӊ (қызметініӊ) көлемі 9 млрд 154 млн. 500 мыӊ теӊгені құрап, 2017 жылмен (8 млрд 045 млн. 300 мыӊ теӊге) салыстырғанда 1 млрд 109 млн. 200 мыӊ теӊгеге артты. Ауыл шаруашылығы дақылдарыныӊ 55 300 га егістік жерлерді игеру жоспары 102 пайызға орындалып, 56 553 гектарды құрады.

Суармалы жер жыл басынан бері 725 гектарға ұлғайтылды. 7,04 гектар жылыжай іске қосылып, 541,54 гектарға тамшылатып суғару әдісі енгізілді. Қарқынды бау шаруашылығын дамыту үшін 60 гектарға жүзім, 40 гектарға жаӊғақ егу жоспарланды. Бұл бағытта, бүгінгі таӊда 34 га бау, 5 га жүзім көшеті отырғызылды. Сонымен қатар, Бөржар ауыл округінде "Александровский сад" ЖШС - 20 га жеміс пен жаӊғақ көшеттерін, "Green town south" ЖШС - 10 га жеміс көшеттерін отырғызып, қарқынды шаруашылықтарын ұлғайтуды көздеуде.

Жыл басынан бері "Сыбаға" бағдарламасымен 333 ірі қара, "Алтын асық" бағдарламасымен алынатын 1268 уақ мал, "Құлан" бағдарламасы бойынша 361 жылқы алынды. Тереӊ қопсыту әдісін қолдану бағытында 9500 га жерді өӊдеу жоспарланған. Бұл бағытта 11 соқа алынып, 9807 га жерге тереӊ қопсыту әдісі ендірілді. Ауыл шаруашылығы техникаларын жаӊалау бойынша жыл басынан бері 39 техника алынды.

Түркістан облысы әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны