02.05.2012, 09:37 3149

Өткен айда елдегі ең төменгі өмір сүру көрсеткіші 16 мың 79 теңгені құрады

Агенттік таратқан мәліметтерге сүйенсек, биылғы жылы тұрғындар ең көп тұтынатын азық-түліктердің пайдаланудың ең төменгі деңгейінің негізінде жасалған ең төменгі өмір сүру көрсеткіші сәуір айында оның алдындағы аймен салыстырғанда, 0,1 пайызға, ал 2011 жылдың сәуірімен салыстырғанда, 1,7 пайызға артты.

Астана. 2-мамыр. Kazakhstan Today - Өткен айда елдегі ең төменгі өмір сүру көрсеткіші 16 мың 79 теңгені құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Агенттік таратқан мәліметтерге сүйенсек, биылғы жылы тұрғындар ең көп тұтынатын азық-түліктердің пайдаланудың ең төменгі деңгейінің негізінде жасалған ең төменгі өмір сүру көрсеткіші сәуір айында оның алдындағы аймен салыстырғанда, 0,1 пайызға, ал 2011 жылдың сәуірімен салыстырғанда, 1,7 пайызға артты.

Халық ең көп тұтынатын азық-түліктерге жұмсалатын шығындардың 23,9 пайызы ет пен балықтың, 16,6 пайызы сүт, май өнімдері мен жұмыртқаның, 9,3 пайызы жеміс-жидек пен көкөністің, 7,9 пайызы нан өнімдері мен жарма өнімдерінің, 2,3 пайызы қант, шәй мен қоспалардың үлесінде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны