09.06.2008, 16:56 3150

Өзбек көліктерінің ТМД елдеріне экспорты 2012 жылға қарай 1,7 есеге ұлғаяды

Өзбек көліктерінің ТМД елдеріне экспорты 2012 жылға қарай 1,7 есеге ұлғаяды

Алматы. 9 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Биылғы жылы General Motors Uzbekistan бірлескен кәсіпорыны жылына 200 мың жеңіл көлікті құрайтын жаңа өндірістік қуат деңгейіне шығады. 2010 жылдан бастап жыл сайынғы өндіріс көлемін 250 мың көлікке жеткізу жоспарланып отыр. Өзбек көліктерінің ТМД елдеріне экспорты 2012 жылға қарай 1,7 есеге ұлғаяды. Бұл туралы Ташкентте өткен баспасөз мәслихатында GM Uzbekistan бірлескен кәсіпорынының бас директорының орынбасары Гери Уэстон мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "CA-News" ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Компания аналитиктерінің болжамдарына сүйенсек, өзбектің жеңіл көліктері мен жолсызбен жүре алатын көліктерінің тек ТМД елдеріне экспорты 2012 жылға дейін 1,7 есе ұлғаяды. Өткен жылы ел аумағында шығарылатын көліктерге деген республиканың қажеттілігі шамамен 100 мың көлікті құраса, 2012 жылға қарай сарапшылардың есептеулеріне сәйкес, ол 2 миллионға жетуі мүмкін.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны