21.01.2014, 20:12 9719

"Парасат" холдингі коммерцияландыру үшін 100 ғылыми жобаны іріктеп алды

"Өз әзiрлемелерiн ұсынуға ғылым да, өз қаражатын тәуекелге тігуге кәсiпорын да дайын болуы керек. "Парасат" холдингi осы бағытта 100-ден аса жобаны iрiктеп алды. Қазiр шамамен 10-12 жоба инвестиция тарту есебiнен жүзеге асырылуда. Бұған ғылым саласындағы мемлекеттiк-жеке меншiк серiктестiк арқылы қол жетiп отыр", - дедi ғалым.

Алматы. 21 қаңтар. Kazakhstan today. "Парасат" холдингі коммерцияландыру үшін 100 ғылыми ғылыми жобаны таңдап алды Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстанның Жаратылыстану ғылымдары ұлттық академиясының бірінші вице-президенті - "Парасат" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингінің ғылыми консультанты Нұралы Бектұрғанов мәлім етті.

"Президенттiң бастамасымен Ғылым туралы заң қабылданған болатын. Бұл заңда ғылымды қалай қаржыландыру, ғылыми жұмыстарды iрiктеу мәселелерi нақты көрсетiлген. Бiрақ, технологияны коммерцияландыру бойынша бөлiм жоқ. Сондықтан, Елбасының бастамасымен ғалымдарға өз жұмыстарын коммерцияландыруға көмектесе iн, яғни ғылымды коммерциялау механизмiн әзiрлейтiн "Парасат" холдингi құрылды. Холдинг Қазақстанның Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясымен бiрлесiп, бес жыл iшiнде осы бағыттағы жұмыстарды жүргiздi. Яғни, бiз коммерцияландыруды iске қосу үшiн заңға қандай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу бойынша бiрқатар ұсыныстар әзiрледiк", - деді Н. Бектұрғанов.

Сондай-ақ, ол Елбасының осы бағыттағы жұмысқа жан бiтiретiн заңдарды әзiрлеу бойынша 1 қыркүйекке дейiн Министрлер кабинетiне арнайы тапсырма бергендігін атап өтті.

"Өз әзiрлемелерiн ұсынуға ғылым да, өз қаражатын тәуекелге тігуге кәсiпорын да дайын болуы керек. "Парасат" холдингi осы бағытта 100-ден аса жобаны iрiктеп алды. Қазiр шамамен 10-12 жоба инвестиция тарту есебiнен жүзеге асырылуда. Бұған ғылым саласындағы мемлекеттiк-жеке меншiк серiктестiк арқылы қол жетiп отыр", - дедi ғалым.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны