16.05.2025, 12:18 80526

Павлодар мұнай-химия зауыты алғаш рет қысқы дизель отынын шығарады

Павлодар мұнай-химия зауыты алғаш рет қысқы дизель отынын шығарады
Павлодар мұнай-химия зауыты алғаш рет қысқы дизель отынын шығарады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінен.

Биыл жыл соңында Павлодар мұнай-химия зауытында дизель отынын гидротазартатын қондырғыны жаңарту жұмыстары аяқталады деп жоспарланып отыр.

Бұл қондырғының ағымдағы қуаттылығын 2,3 млн тонна деңгейінде сақтай отырып, жазғы дизельмен қатар, қысқы дизель отынын да өндіруге мүмкіндік береді.

Инвестициялық жобаны "Самұрық-Қазынаның" еншілес компаниясы - "ҚазМұнайГаз" жүзеге асыруда.

Қысқы дизель отынын өндіру Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлерін -28℃ дейінгі аязға төзімді сапалы жанармаймен қамтамасыз етеді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны