10.05.2007, 17:08 2951

Путиннің пайымдауынша, Орынбор газ өңдеу зауытының базасында біріккен кәсіпорын құруда еңсеруге келмейтін қиындық жоқ (толықтырылған нұсқа)

АСТАНА. 10-мамыр. Kazakhstan Today. Ресей президенті Владимир Путиннің пайымдауынша, Орынбор газ өңдеу зауытының базасында Қазақстан мен Ресей бірлескен кәсіпорнын құруда еңсеруге келмейтін қиындық жоқ, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Орынбор газ өңдеу зауытының базасында біріккен кәсіпорын құру үшін 15 жылға есептелген ұзақ мерзімді келісім-шартын дайындауға дайындық жұмыстарын жеделдету қажет",- деді В.Путин бүгін Астанада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кеңейтілген құрамдағы кездесуде. "Шешілуі тиіс кейбір технологиялық проблемалар бар. Меніңше, шешуге немесе еңсеруге келмейтін кедергі жоқ деп айтуға толық негіз бар",- деді Ресей президенті.

"Осы жұмыстардың барысында алға қосымша қадамдар жасалады деп сенемін",- деді ол.

Өз кезегінде Қазақастан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Орынбор газ өңдеу зауытының базасында Қазақстан мен Ресей бірлескен кәсіпорнын құру процессі "бірқалыпты жүргізіліп келеді", деп атап өтті. "Бұл жерде екі елдің министрліктері мен үкіметтері осы газдың бағасына қатысты мәселелердің басын ашып алуға тиіс, өйткені, бәр нәрсе өзгеруде", деп атап өткен Н.Назарбаев "бұл мәселенің де шешіліп жатқанын" жеткізді.

Ал осыдан біраз уақыттан кейін өткен екі ел президенттерінің бірлескен баспасөз мәслихатында Н.Назарбаев бүгін Қазақстан мен Ресейдің мекемелері "газдың бағасына қатысты мәмілеге келді" деп хабарлады. "Бұл жақсы жаңалық",- деді Қазақстан мемлекет басшысы.

Өз кезегінде республиканың энергетика және минералды ресурстар министрі Бқтықожа Ізмұхамбетов журналистерге берген сұхбатында "газдың бағасы әрбір 1000 текше метрі үшін 145 доллардан жоғары болады", деді. Министрдің түсініктемесіне сәйкес, бұл жерде Еропа нарығында сатылатын, құрғақ өңделген газ жайында сөз қозғалып отыр.

Еске сала кетейік, өткен жылдың шілде айында Қазақстан мен Ресей жетекшілері Санкт-Петербург қаласында Қарашығанақ кенішіндегі газды өңдеу және сату саласындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықты дамыту туралы біріккен декларацияға қол қойған. Сонымен бірге сол кезде "Газпром" басқармалары Ресейдің газ концерні мен "ҚазМұнайГаз" ҰК теңбе-тең шартпен Орынбор газ өңдеу зауытының базасында Қазақстан мен Ресей бірлескен кәсіпорнын құру орынды дегенді мойындаған. Қазақстан жағымен Қарашығанақ кенішіндегі газды Орынбор газ өңдеу зауытында өңдеу үшін сатуға ұзақ мерзімді келісім-шартқа отыру жөнінде шешім қабылданды.

Бірлескен кәсіпорынды құру туралы құжаттарға қол қойылған соң газ өңдеу кешенін жаңалауға тараптардың әрқайсысы 250 млн доллардан инвестиция жұмсайды деп күтілуде. Бірлескен кәсіпорын 15 жылдан кем емес уақытқа ұзақ мерзімді келісім-шартына қол қою арқылы құрылып, онда Қазақстанның Қарашығанақ кенішінде өндірілген газдан жылына 15 млрд текше метрден кем емес мөлшерде сатып алып өңдеу; өңделген Қарашығанақ газын Қазақстан мен Ресейде сату және оны "Газпромның" біртұтас арналары арқылы экспортқа шығару қарастырылады.

Қарашығанақ газ конденсаты кеніші Қазақстанның Батыс Қазақстан облысы Ақсай ауданында, Орынбор газ өңдеу зауытынан 130 шақырым жерде орналасқан.

Кенішті игеру және жобалау жұмыстарымен Қарашығанақ интеграциялық ұйымы - "Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг" айналысуда. Ол әлемдік жетекіш мұнайгаз компаниялары мен Ресейдің "ЛУКОЙЛ" (акциялардың 15%) компаниясынан құралған консорциум.

Кенішті дамыту жобасына сәйкес 2012-жылға дейін газ өндіңру көлемін 25 млрд текше метрнге дейін жеткізу межеленген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны