08.02.2010, 15:19 3255

Ресей Қазақстанға мұнай жеткізуді қайта жандандырды

Ресей Қазақстанға мұнай жеткізуді қайта жандандырды

Астана. 8 ақпан. Kazakhstan Today - Ресей Қазақстан Республикасына жеткізілетін мұнай және мұнай өнімдерінің экспорттық баж салығы ставкаларын қолдану мәселесіндегі түсініксіздіктерге байланысты 1 ақпаннан бастап уақытша тоқтатылған мұнай жеткізілімін 2010 жылдың 5 ақпанында қайта жандандырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ-ның ресми сайтындағы хабарламаға сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, РФ Федералдық кеден қызметінің "Қазақстан Республикасына жеткізілетін мұнай және мұнай өнімдерінің экспорттық баж салығы ставкаларын қолданбау туралы" ресми түсіндірмесін жабдықтаушылар алды. РФ Федералдық кеден қызметінің өңірлік бөлімшесіне жолдаған 2 ақпандағы жеделхатта айтылғандай, баж салығын қолдану туралы бұған дейінгі шешімді күшін жойды деп тану қажет.

Нарық қатысушыларының хабарлауынша, жұма күні жеткізілімге қатысты мәселе тұрақтанды: Ресей мен Қазақстан шекарасындағы экспорттық партиялар кеденде қалыпты режимде рәсімделіп жатыр. Атап айтсақ, Ресей шикізатына толық тәуелді Павлодар мұнайхимиялық зауытына мұнай айдау қайта жанданды.

"Қазақстанмен арадағы шекарада жиналып қалған мұнай және мұнай өнімдері тиелген теміржол цистерналары да Қазақстандық тұтынушыларға қарай жол тартты", - делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны