30.04.2014, 22:23 11207

Ресей мен Қазақстанға шығудың автосақтандыру тарифі 2015 жылы теңестіріледі - Ғ.Оразбақов

"Автосақтандыру тәртіптерінде айтарлықтай өзгешеліктер бар. Бүгінде қазақстандық автокөліктердің Ресей аумағына кіретін кезінде қосымша тағы 7 мың теңге төлеп, ал ресейлік көлік қазақстанға кіргенде 900 теңге төлеуі міндеттелген. Басты ерекшелік нормативті құжаттарда", - дейді Ғ.Оразбақов.

Алматы. 30 сәуір. Kazakhstan today. 2015 жылға қарай Ресей мен Қазақстанға шығудағы автосақтандыру тарифін теңестіру жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы Ғалым Оразбақов мәлімдеді.

"Автосақтандыру тәртіптерінде айтарлықтай өзгешеліктер бар. Бүгінде қазақстандық автокөліктердің Ресей аумағына кіретін кезінде қосымша тағы 7 мың теңге төлеп, ал ресейлік көлік қазақстанға кіргенде 900 теңге төлеуі міндеттелген. Басты ерекшелік нормативті құжаттарда", - дейді Ғ.Оразбақов.

Оның хабарлауынша, Бәсекелестікті қорғау агенттігі ресми орган ретінде Ұлттық банкке бұл мәселені шешу үшін өтініш білдірді.

"Сол себепті банк бұл мәселені Қаржы қауымдастығымен қарастыруда. Енді ресми түрде теңестіру үшін Еуразиялық экономикалық комиссияға ұсынамыз. Менің ойымша, клесі жыл бұл мәселе шын мәнінде шешімін табатын болады", - деп Г. Оразбақов мәлім етті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны