10.05.2007, 18:32 2994

Ресей президентінің пікірінше, Еуразиялық даму банкі таяу уақыттарда елеулі жетістіктерді паш ете алады

АСТАНА. 10-мамыр. Kazakhstan Today. Ресей президенті Владимир Путин Еуразиялық даму банкі таяу уақыттарда елеулі жетістіктерді паш ете алады деген сенімде, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Кешікпей, яғни, 15-маусымда Қазақстан президентінің бастамасы бойынша құрылған Еуразиялық даму банкі жұмыс істей бастаған сәттен бері 1 жыл толады",- деді Ресей президенті бүгін Қазақстан мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевпен жүргізген келіссөздер барысында.

"Банктің бірінші жобалары жүзеге асырыла бастады. Мұның бәрі оңды ағымдар. Дегенмен, біз бұл банктен бұдан да елеулі нәтижелерді күте аламыз",- деді В.Путин.

"Бірақ банк өз алдына қойған ауқымды мақсаттарды жалғыз өзі шеше алмайды", деп қосты В.Путин. "Оның үстіне оған бәсекелі ортада әрекет етуге тура келмек. Сол себепті құрылтайшылар, басқаша айтқанда, Ресей мен Қазақстан тарапынан банкке ауқымды көмек көрсету қажет болмақ",- деді ол.

Ресей мемлекет басшысы Ресейдің Внешэкономбанкі мен Қазақстан даму банкі арасында екі жақты негізде, сондай-ақ, Шанхай Ынтымақтастығы ұйымының банкаралық бірлестігі аясында да белсенді ықпалдастық орнағанын атап өтті.

"Алдағы уақытта да Қазақстан мен Ресейдің мемлекеттік даму институттары арасындағы ынтымақтастықты қолдайтын боламыз. Осыған байланысты Внешэкономбанктің Ресей даму банкі болып қайта құрылуына сай осындай ынтымақтастықтың мүмкіндігі арта түсті",- деді Ресей президенті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны