28.01.2010, 15:34 3241

Ресейде жуырда азық-түлік қауіпсіздігі доктринасына қол қойылады

Ресейде жуырда азық-түлік қауіпсіздігі доктринасына қол қойылады

Алматы. 28 қаңтар. Kazakhstan Today - Ресейде жуырда азық-түлік қауіпсіздігі доктринасына қол қойылады. Бұл туралы РФ президенті Дмитрий Медведев РФ аылшаруашылығы министрі Елена Скрынникпен кездесуде мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today "РосБизнесКонсалтинг" (РБК) агенттігіне сілтеме жасап.

Д. Медведевтің айтуынша, "құжат қол қоюға дайындалды". Министрдің айтуынша, құжатта атап көрсетілген жоспарлар 5 жылда іске асырылады.

Доктринаның басты мақсаты елді ресейлік сапалы ауылшаруашылығы өнімдерімен, шикізатпен және азық-түлікпен сұраныстың 80%-ынан кем түспейтіндей көлемде өзін-өзі қамтамасыз етуге, ал ет, сүт және астық секілді аса маңызды өнімдермен 85 - 95% деңгейде қамтамасыз етуге саяды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны