12.10.2007, 17:26 3078

Ресейдің бірқатар сібірлік аймақтарың азық-түлік нарығында негізгі азық-түлік түрлерінің бағасы күрт өсті

Ресейдің бірқатар сібірлік аймақтарың азық-түлік нарығында негізгі азық-түлік түрлерінің бағасы күрт өсті.

Павлодар. 12-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Ресейдің Сібір Федералдық округының Қазақстанмен шектесетін аймақтарындағы азық-түлік нарығында негізгі азық-түлік өнімдеріне деген бағаның қауырт өсуі байқалып отыр, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі көршілес Ресей аймақтарының әкімшіліктерінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Атап айтқанда, Новосибирск облысында соңғы кездері нан, ет және өсімдік майының бағасы айтарлықтай өсті. Облыс әкімшілігі бағаның өсуіне алдын-ала ауыз жаласу себеп болуы мүмкін екендігін жоққа шығармайды. Себебі, аймақта азық-түлік бағаны өсіруге ешқандай себеп болмаған. "Новосібір облысының тұтынушы нарығында қалыптасқан баға жағдайы жедел арада батыл шешімдер қабылдауды талап етеді", - деп мәлімдеді облыс әкімшілігінің кеңесінде Новосібір облысының губернаторы Виктор Толоконский.

Икімшіліктің баспасөз қызметі хабарлағандай, жақын арада аймақта ең қажетті тауарлардың бағасын арзандатуға бағытталған кешенді бірінші кезектегі шаралар қабылданады. Новосибирск қаласында көше сауда базарларының қол жетімді бағада аса қажетті тауарлардың міндетті түрде болып, күн сайын жұмыс істеу режимін енгізу қарастырылған. Аса қажетті тауарларға нан, сүт, қаймақ, өсімдік және малдың майы, ірімшіктер, сиыр және шошқа еті, құс еті, төмен бағадағы ет өнімдерінің белгілі бір түрлері, жарма, күріш, қант, тұз, көкөніс, картоп жатқызылған.

Тағы бір шаралар кешені өңдеу өндірісімен байланысты. Мұнда шығарылатын өнім түрлері түзетіледі. Оған бағасы төмен тауарлар қосылады және қымбат тауарларды шығару азайтылады", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Соның арасында, Алтай аймағында соңғы үш күнде күнбағыс майы мен сүт өнімдері ерекше қымбаттап кеткен. "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісінің хабарлауынша, аймақтың ауыл шаруашылық өнімдерінің көптеген түрлерін өзі өндіретіндігі де жағдайға көмектесе алмауда.

Аймақ әкімшілігінің баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Федералдық монополияға қарсы қызметтің Алтай басқармасы қазірдің өзінде азық-түлік өнімдерінің негізгі түрлері бағасының қымбаттау себептерін анықтауға кірісіп кеткен. Монополияға қарсы қызметкерлер бағаның негізсіз өсуі немесе баға келісімі фактлерін тіркейтін болса, олардың ведомствосы заң бұзушыларға әкімшілік ықпал етуді толық көлемде қолданатындықтарын жеткізді.

"Қазақстан Бүгін" агенттігі тілшісінің ақпаратына сүйенсек, бүгінгі күні Қазақстанмен шектесетін аймақтарда монополияға қарсы қызметкерлер өндіруші компаниялар, сондай-ақ, бөлшек саудагерлердің қолдан жасалған жетіспеушілік тудырып, тауарларды ұстап қалған оқиғаларын анықтап үлгерген. Қазіргі уақытта осы оқиғалар бойынша сот процестері басталды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны