04.08.2011, 17:40 2894

Ресейдің "Нитол" компаниясы Павлодарда күн энергиясына арналған шикізат өндіруді көздейді

"Бұл жылына 12 мың тоннаға дейінгі көлемде кремний өндіріп, 1200 жұмыс орнын құрып және шамамен 1 млрд АҚШ доллары көлеміндегі инвестиция тартатын поликристалл кремнийінің аса ауқымды өндірісі.

Павлодар. 4 тамыз. Kazakhstan Today - ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа "Нитол" компаниялар тобының директорлар кеңесінің мүшесі Анатолий Гончаров поликристалл кремнийін өндірумен айналысатын жаңа инновациялық кәсіпорын жобасын ұсынды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Бұл жылына 12 мың тоннаға дейінгі көлемде кремний өндіріп, 1200 жұмыс орнын құрып және шамамен 1 млрд АҚШ доллары көлеміндегі инвестиция тартатын поликристалл кремнийінің аса ауқымды өндірісі. Ирине, бұл қазақстанның индустриялық-инновациялық бағдарламасына кіреді. Өйткені, баламалы қуат көздеріне шикізат өндіру Қазақстанның өнеркәсіптік дамуының әлеуетті бағыттарының бірі болып табылады", - деп мәлімдеді таныстыру кезінде Анатолий Гончаров.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны