28.12.2015, 14:28 4028

Республикалық бюджет 7 трлн теӊгеден астам сомаға игерілді - ҚР Қаржы министрлігі

"Ағымдағы жылдыӊ бюджетініӊ игерілуіне уақытылы және дәл деп сипаттама беруге болады. Жыл соӊына дейін қалған төрт жұмыс күнінде 161 млрд теӊгеге бюджеттік операция жасау қалды. Бұл өткен жылдыӊ сәйкесінше кезеӊінен үш есеге кем", - деді Б.Сұлтанов

Алматы. 28 желтоқсан. Kazakhstan Today - Республикалық бюджеті 7 трлн теӊгеден астам сомаға игерілді, деп хабарлады ҚР қаржы министрі Бақыт Сұлтанов ОКҚ-дағы баспасөз конференциясында, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Ағымдағы жылдыӊ бюджетініӊ игерілуіне уақытылы және дәл деп сипаттама беруге болады. Жыл соӊына дейін қалған төрт жұмыс күнінде 161 млрд теӊгеге бюджеттік операция жасау қалды. Бұл өткен жылдыӊ сәйкесінше кезеӊінен үш есеге кем", - деді Б.Сұлтанов, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

Министрдіӊ мәліметінше, жалпы бүгінде бюджет 7 трлн теӊгеден астам шамада игерілді.

"Бүгінде бюджеттіӊ орындалуы бойынша әр құжатпен жеке-жеке жұмыс істегендіктен аталмыш жылы көрсеткіш 100% жақын деӊгейде болады деп айтуға болады. Егер өткен жылы республикалық бюджеттіӊ 40 млрд теӊгесі игерілмей қалса, ағымдағы жылы бұл көрсеткіш бірнеше есе төмен, 15-20 млрд теӊге шамасында. Оныӊ үстіне бұл қомақты қаржыныӊ басым бөлігі төтенше жағдайларға, шұғыл қажеттіліктерге бағытталған", - деп түсіндірді министр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны