23.06.2009, 12:09 1623

Республикалық бюджетті үш жылға жоспарлау әдістемесі жеткіліксіз дәйектелген - ҚР Есеп комитетінің басшысы

Республикалық бюджетті үш жылға жоспарлау әдістемесі жеткіліксіз дәйектелген - ҚР Есеп комитетінің басшысы

Астана. 23 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Республикалық бюджетті үш жылға жоспарлау әдістемесі жеткіліксіз дәйектелген. Бұл туралы бүгін өткен парламент палаталарының бірлескен отырысында ҚР Республикалық бюджетінің орындалуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Омархан Өксікбаев мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Республикалық бюджетті үш жылға жоспарлау әдістемесі жеткіліксіз дәйектелгені айқын көрінді", - деді Омархан Өксікбаев.

Оның айтуынша, бюджетті жоспарлаудың жетілдірілмеуіне байланысты "қазіргі жағдайда бағдарламалық құжаттарды жүзеге асырудан талап етілетін қарқынды сақтай отырып, бюджет шығындарыынң тиімді болуына қол жеткізу аса күрделі".

"Бұл артынан республикалық бюджеттің кіпріс және шығыс бөліктерін орындауға салқынын тигізеді", - деді Омархан Өксікбаев.

ҚР Есеп комитетінің басшысының ақпаратына сәйкес, үкімет 2008 жылы республикалық бюджетті екі рет нақтылап, 17 мәрте түзеткен.

"Идетте, мұндай жағдайда жоспарлау мәселелерін дәйектеу аса күрделі", - деді ҚР Есеп комитетінің басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны