13.02.2014, 19:07 3104

Республикалық трамвайшылардың қауымдастығы Ұлттық кәсіпкерлер палатасына кірді

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық қалалық электрлік көлік кәсіпорны қауымдастығы 2013 жылдық қыркүйек айында құрылды. Оның құрамына: "Павлодар қаласының трамвай басқармасы" АҚ, "Өскемен қаласының трамвай паркі" ЖШС, "Алматыэлектротранс" ЖШС кірді. Жаңа бірлестіктің мақсаты тасымалдаушылар мен жолаушылардың мүддесін қорғау.

Алматы. 13 ақпан. Kazakhstan today. Қазақстандық қалалық электрлі көлік кәсіпорны қауымдастығы Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасына кірді.

"Қазақстандық қалалық электрлік көлік кәсіпорны қауымдастығы Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасына тіркелгені туралы куәлік алды. Палатаның мүшелігіне кіру бізге жолаушыларды тасымалдау бойынша мемлекеттік электр көліктерінің қызметін реттейтін жаңа нормативтік құқықтық актілер мен техникалық құжаттарды дайындауға атсалысуға мүмкіндік береді", - деді "Павлодар қаласының трамвай басқармасы" АҚ президенті Болат Иділханов.

Оның айтуынша, Ұлттық палатамен ынтымақтастықта болу қауымдастыққа мүше кәсіпорындардың проблемаларын кешенді шешуге мүмкіндік береді. Осында шешімі көп күттірген мәселелердің бірі - заңды түрде трамвайлар мен троллейбустарға электр энергиясына жеңілдетілген тариф енгізу, еліміздің қалалық электр көліктерін электр энергияның көтерме сауда базарына шығару болып табылады. Бұл өзкезегінде тарифтердің өсуіне жол бермейді.

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық қалалық электрлік көлік кәсіпорны қауымдастығы 2013 жылдық қыркүйек айында құрылды. Оның құрамына: "Павлодар қаласының трамвай басқармасы" АҚ, "Өскемен қаласының трамвай паркі" ЖШС, "Алматыэлектротранс" ЖШС кірді. Жаңа бірлестіктің мақсаты тасымалдаушылар мен жолаушылардың мүддесін қорғау.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны