29.03.2012, 10:39 6637

С.Ахметов Риддерде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының жағдайымен танысты

Ағымдағы жылы Тұрғын үй құрылысы бағдарламасы мен "Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасының аясында 60 пәтерлі екі үйдің құрылысы басталады. Риддердің тұрғын үй қоры 525 көппәтерлі және 1689 жеке үйлерден тұрады.

Астана. 29-наурыз. Kazakhstan Today - Бірінші вице-премьер Серік Ахметов бастаған үкіметтік жұмыс тобы Риддер қаласында тұрғын үй құрылысының барысымен танысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ағымдағы жылы Тұрғын үй құрылысы бағдарламасы мен "Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасының аясында 60 пәтерлі екі үйдің құрылысы басталады. Риддердің тұрғын үй қоры 525 көппәтерлі және 1689 жеке үйлерден тұрады.

С.Ахметов сапар барысында Риддер қаласында еңбек ресурстарының жинақылығын арттыруға қатысты "Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасының үшінші бағытын барынша белсенді түрде жүзеге асыруды тапсырды. Бұл жерде, құрылып жатқан жұмыс орындарына орналастыру үшін тұрғындарды экономикалық өсімі жоғары нүктелерге көшіру мәселесі туралы сөз болып отыр. 2013 жылы Риддерде жаңа технологиялар негізінде жұмыс істейтін металлургиялық зауыттың құрылысы басталатынын ескерсек, бұл мәселенің өзектілігі арта түспек. Және жаңа үш кенішті игеру үшін де 1 мыңнан астам адам керек.

"Инфросервис" кәсіпорында С.Ахметов су тазалау мекемелерінің жағдайымен танысып, Риддер қаласының әкіміне ағымдағы жылы қаладағы су жеткізу және су ағызу желілерін жаңғырту мен құрастыру жөнінде жоба әзірлеуді тапсырды.

Бірінші вице-премьер сондай-ақ, Хариузов су-электр стансасында болды және деривациялық құбырдың жағдайымен танысты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны