17.04.2007, 12:37 3162

Салық Кодексіндегі жеңілдіктер мен преференцияларды қайта қарау керек- ҚР экономика министрлігі

АСТАНА. 17 сәуір. Kazakhstan Today. Салық Кодексіндегі жеңілдіктер мен преференцияларды қайта қарау керек. Бұл туралы кеше "Атамекен" одағы басқарма мүшелерінің мәжілісінде ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің салық саясаты және болжамдар департаментінің директоры Вера Кнюх айтты,-деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Біз корпоративтік салық ставкалары төмендеп жатқан елдердің жолымен жүргіміз келеді. Алайда осымен бес жыл бойы заңда қарастырылған жеңілдіктер мен преференцияларды жандандырмақ ниеттеміз. Бұл үшін арнайы жұмыс тобы да құрылды",-деді В.Кнюх. Оның айтуныша, "бұл жандандырудан келер біршама қатаңдандыру да бар". "Бұл сөзден үркудің қажеті жоқ. Өмірдің өзі соған әкеліп тіреуде. Сондықтан жеңілдіктер мен преференцияларды қайта қараған жөн",-деп санайды экономика министрлігі департаментінің директоры.

В.Кнюх барлық жеңілдіктерді сараптау барысында " кейбір жеңілдіктер мүлдем іске қосылмағаны белгілі болса, ал біреулері мақсатына жеткеннен кейін қажетсіз болып қалған". "Және де бір топ жеңілдіктер бар. Олар біздің экономикамыздың бәсекелестік қабілеттілігін арттыруға тосқауыл болуда",-деді ол. "Сондықтан біз бәсекелестік қабілеті бар елу елдің қатарынан көрінгіміз келсе, кәсіпкерлерге қойылатын талаптарды күшейткеніміз жөн. Өйткені жеңілдіктер олардың қызметін босаңсытып жіберуде",-деп санайды департамент директоры.

Осыған орай В. Кнюх "Атамекен" жетешілігінің экономика министрлігіне

"кәсіпкерлеріміздің қандай жеңілдіктерге аса мүқтаж, ал қай жеңілдіктерді уақытша қалдыра тұрғаны жөн екендігі туралы нақты мәліметтер мен ұсыныстар дайындау туралы ұсыныс жасады. "Мерзімсіз жеңілдіктер қажет емес",-деп баса айтты ол. Департамент директорының пікірінше, ең ұтымды жеңілдік - инвестициялық преференцияға байланысты жеңілдік болмақ. Өйткені ол шынымен де келісім шарттың мерзімін қарастырады".

"Біздің көздегеніміз- салық салудың барлығына да тең дәрежелі жағдайларын қалыптыстыру. Барлық жеңілдіктерді бір жылдың ішінде алып тастау мүмкін емес. Десекте біз 2008 жылдан бастап мүмкіндігінше көп жеңілдікті айналымнан алып тастауды көздеп отырмыз,-деп түйіндеді ойын В.Кнюх.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны