14.02.2014, 19:27 3929

Салымдарды ұлттық валютада сақтау шығынға батуды білдірмейді - Қ.Келімбетов

"Халықтың шығыны мен табысы теңгелей құралатындықтан және теңгелей шығын мен табыстың көлемі өзгермейтіндіктен, салымдарды ұлттық валютада сақтау шығынға батуды білдірмейді",- деді Қ. Келімбетов.

Алматы. 14 ақпан. Kazakhstan today. Салымдарды ұлттық валютада сақтау шығынға батуды білдірмейді. Бұл туралы Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Ұлттық банктің төрағасы Қайрат Келімбетов мәлімдеді.

"Халықтың шығыны мен табысы теңгелей құралатындықтан және теңгелей шығын мен табыстың көлемі өзгермейтіндіктен салымдарды ұлттық валютада сақтау шығынға батуды білдірмейді",- деді Қ. Келімбетов.

Сондай-ақ ол, "ұлттық валютадағы депозиттердің табысы жоғары болғандықтан тиімдірек", деп атап өтті.

"Сонымен, 2014 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жеке тұлғалардың теңгелей салымдарындағы сыйақы мөлшері 8,1% құрады, ал, шетелдік валютада - 4,5% құрады. Осылайша, ұлттық валютада салымдарды сақтау ұзақмерзімді және қысқамерзімді перспективада тиімдірек",- деп Ұлттық банк басшысы атап өтті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны