24.01.2007, 17:18 3269

"Самұрық" басшылығы ұлттық компанияларды корпоративтік басқару жүйесін жақсарту үшін бірқатар шаралар қолданады

АСТАНА. 24 қаңтар. Kazakhstan Today. "Самұрық" АҚ басшылығы ұлттық компанияларды корпоративтік басқару жүйесін жақсарту үшін бірқатар шаралар қолданбақшы. Бұл жөнінде бүгін "Самұрық" мемлекеттік холдингі" АҚ-ның кеңейтілген кеңесінде басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Біз "ҚазМұнайГаз" Барлау. Өндіру", еуропалық қайта құру және даму банкі мен Лондон қор биржасының тәжірибесіне сүйене отырып холдингті және оның құрамына кіретін компанияларды корпоративтік басқару кодексін жасап жатырмыз",-деді С.Мыңбаев.

АҚ басқарма төрағасының пікірінше, "кодекс қаншалықты жақсы болсын, ең бастысы онда көрсетілген талаптар орындалуы тиіс, сондықтанда басты ережелерге сәйкес мүмкін заңға және басқада нормативті актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізуге тура келетіндіктен, осы туралы ұсыныс жасалады".

Оның айтуынша, осы шараны жүзеге асыру үшін "Самұрыққа" үстіміздегі жылдың 25 қаңтарына дейін уақыт берілген. "Бұл оңай құжат емес, оны дайындауға асығуымыз керектігі де түсінікті, алайда, біздің пікірімізше бұл мәселеде тиянақтылық маңыздырақ, сондықтанда жұмысты атқаруға шынайы мерзімнің белгіленгенін сұрар едік", деді ол премьер -министр К.Мәсімовке.

С.Мыңбаевтың пайымдауынша, "нәтижелі корпоративтік басқару талантты басшыларды ұсынуды және тағайындауды көздейді, осыған байланысты тағайындау жөніндегі комитет пен директорлар кеңесінің ролі арта түсу тиіс". "Холдинг құрамындағы ірі компаниялардың корпоративтік басқару рейтингісін алу жұмыстары жеделдетіледі" деді ол.

Өз кезегінде премьер-министр Кәрім Мәсімов Қазақстандағы корпоративтік басқару принципінің негізі ретінде халықаралық стандарттарды алу қажеттігін айтты.

"Велосипед ойлап табудың қажеті жоқ, халықаралық стандарттарды алу керек. Олар компанияларды қор биржасына шығатын кезде бағалауға негіз болады. Сосын оны "Қазына", "Самұрық" және "Қазагро" компанияларына көшіру керек, ал болашақта экономиканы түгелдей сол халықаралық стандарттарға көшіру қажет",-деді К.Мәсімов.

"Біз, Қазақстан экономикасы транспарентті, ашық, қоғам алдында есеп беретін және корпоративтік басқару жүйесінде деп айта алатындай болуымыз керек, сол кезде сауалдар да аз болады",-деді үкімет басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны