03.12.2009, 13:32 3153

"Самұрық - Қазына" қорына кіретін ұлттық компаниялар 2010 жылы Алматыда 150 млрд теңгенің мемлекеттік сатып алуларын іске асырады

"Самұрық - Қазына" қорына кіретін ұлттық компаниялар 2010 жылы Алматыда 150 млрд теңгенің мемлекеттік сатып алуларын іске асырады

Алматы. 3 желтоқсан. Kazakhstan Today - "Самұрық - Қазына" қорына кіретін ұлттық компаниялар 2010 жылы Алматыда 150 млрд теңгенің мемлекеттік сатып алуларын іске асырады. Бұл туралы бүгін әкімдіктің жанындағы Іскерлік кеңестің отырысы барысында Алматы әкімі Ахметжан Есімов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Ахметжан Есімовтың айтуынша, "Самұрық - Қазынамен" қол қойған меморандумға сәйкес "ұлттық компаниялар Алматы қаласының тауар өндірушілерінен 150 млрд теңгенің өнімдерін сатып алуды жоспарлауда". "Биыл 32 млрд болды, ал келесі жылға бұдан да биік межені көздеп отырмыз", - деді ол.

Сондай-ақ, Ахметжан Есімовтың айтуынша, "қаладағы кәсіпкерлерді қаржылай қолдау үшін "Самұрық - Қазына" қорының басты бағдарламалары бойынша өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарын қолдауға бөлінген қаражаттан кем дегенде 40% қаржы бөлу жоспарлануда".

Оның нақтылауынша, бұған қоса "7 - 8 желтоқсанда жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері өз сатып алуларын жайып салады, ол әкімдік ғимаратында өтеді".

"Бүгінде 2000-нан астам кәсіпорын тіркеліп отыр, оған әркім де қатыса алады, әлі де уақыт бар. Және біз осы мемлекеттік сатып алуларды мейлінше ашық әрі түсінікті жүргізуге тиіспіз, бұл ретте осы жылғы тәжірибе мен бұрынғы кемшіліктер ескерілуі қажет", - деді әкім.

Жалпы алғанда Ахметжан Есімовтың айтуынша, ағымдағы жылы Алматының бюджеті 235 млрд теңге болды. "Бізде бұрын-соңды мұндай бюджет болған емес, ол тіпті былтырғыдан да шамамен 10% артық. Бұл бізге қалалық бағдарламаларды, бірінші кезекте әлеуметік бағдарламаларды атқаруға мүмкіндік берді", - деді ол.

"Бірақ соған қарамастан, екінші деңгейлі банктердің несиелендіруі секілді аса маңызды көрсеткіш 28%-ға қысқарды. Соның ішінде шағын бизнес 396 млрд алып, көлемі 28% азайды. Егер дағдарысқа қарсы шаралардың аясындағы қолдау болмағанда, ахуал біршама күрделі болар еді", - деді ол.

"Тұрақтандыру бағдарламасы аясында үш транштың қорытындысы бойынша Алматының шағын және орта бизнесі 90 млрд теңге алды, бұл - республика бойынша бөлінген барлық қаржының шамамен 40%-ы", - деді Ахметжан Есімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны