02.09.2015, 14:30 4383

"Самұрық-Қазына" АҚ басқарма мүшелеріне берілген сыйақы туралы ақпарат шындыққа сай келмейді

Бүгін "Самұрық-Қазына" АҚ Қордыӊ басқарма мүшелеріне тағайындалған сыйақылар туралы шындыққа сай келмейтін ақпараттыӊ БАҚ-та жариялануына қатысты баспасөз мәслихатын өткізді

Астана. 2 Қыркүйек. Kazakhstan Today - Бүгін "Самұрық-Қазына" АҚ Қордыӊ басқарма мүшелеріне тағайындалған сыйақылар туралы шындыққа сай келмейтін ақпараттыӊ БАҚ-та жариялануына қатысты баспасөз мәслихатын өткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Шараға Қордыӊ Қаржы директоры - басқарма мүшесі Нұрлан Рахметов пен Қордыӊ адам ресурстарын басқару жөніндегі Бас директоры Дэниель Крюсберг қатысты.

"БАҚ-та жарияланған бұл ақпараттар шындыққа сай келмейді. Өйткені бұл 2013 жылғы жұмыс қорытысына қатысты мәліметтер. Бұл соманыӊ ішінде жылдық жалақы мен салықтар және өзге де міндетті төлемдер қоса есептелген", - деді Қордыӊ қаржы директоры - басқарма мүшесі Нұрлан Рахметов.

Айтуынша Қор 2013 жылы жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Екінші деӊгейлі банктерді есептемегенде таза табыс 654 млрд. теӊге, ал EBITDA margin көрсеткішісі - 21,3% межесінде болды. Ел бюджетіне өтелген салық пен өзге де міндетті төлемдер сомасы 913 млрд. теӊге. Кеӊейтілген дивиденттердіӊ жалпы көлемі (акционердіӊ пайдасына үлестірілген, яғни үкіметке берілген) 157 млрд. теӊгені құрады.

Бұдан бөлек, 2013 жылы қаражатты үнемдейтін бірқатар ауқымды бастамалар іске асты. Мысалы шығындарды оӊтайландыру арқылы 50 млрд. теӊге үнемделді. Тек электронды сатып алулар жүйесін енгізудіӊ арқасында 2013 жылы 16 млрд. теӊге үнемделді.

"KPI картасына сай Қордыӊ басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеевтіӊ жұмыс нәтижелілігі 100%-дан жоғары, ал корпоративтік басқару рейтингі бойынша 125%"-деді Нұрлан Рахметов.

Үкімет бекіткен ережеге сай сыйақы беру туралы шешімді тек директорлар Кеӊесі қабылдайды. Ирі бұл шешім компания қызметініӊ нәтижесіне, соныӊ ішінде тыӊ бастамаларды жүзеге асыруға да байланысты.

2014 жылғы жұмыс нәтижесі бойынша бонустардыӊ көлемі айтарлықтай қысқартылды.

Баспасөз мәслихаты барысында Қордыӊ топ-менеджментіне еӊбекақы мен сыйақы төлеудіӊ құқықтық негіздері мен есептеу әдістемесі және KPI картасы таныстырылды. Халықаралық компаниялармен салыстыра отырып жүргізілген талдаулардыӊ нәтижесі жария етілді.

"Самұрық-Қазына" АҚ Корпоративтік коммуникациялар бөлімі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны