13.05.2009, 17:23 2884

"Самұрық-Қазына Фармация" таяу уақыттарда 2009 жылдың екінші жартысына арнап 27 түрлі дәрілік заттарды сатып алмақ ниетте

"Самұрық-Қазына Фармация" таяу уақыттарда 2009 жылдың екінші жартысына арнап 27 түрлі дәрілік заттарды сатып алмақ ниетте

Алматы. 13 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - "Самұрық-Қазына Фармация" ЖШС таяу уақыттарда 2009 жылдың екінші жартысына арнап 27 түрлі дәрілік заттарды сатып алмақ ниетте. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында

"Самұрық-Қазына Фармация" ЖШС бас директоры Вадим Зверьков мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қазақтан үкіметі осы жылдың ақпан айында тегін медициналық көмек көрсетудің кепілдендірілген ауқымы аясында дәрі-дәрмек түрлерін сатып алу және қамтамасыз етуде Бірегей дистрибьютордың міндетін атқару үшін арнайы заңды тұлға құру туралы шешім қабылдаған. Фармацевтикалық нарықта бірегей оператор құруға аймақтардағы дәрі-дәрмек сатып алатын мекемелердің бағаны тепе-тең ұстай алмауы да себеп болған.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтеріне қарағанда, Қазақстанның кейбір аймақтарында денсаулық сақтау департаменттері отандық және шетелдік дистрибьюторлардан дәрі-дәрмектің бағасын 2-3 есе қымбатқа сатып алады. Яғни, мемлекет дәрі дәрмекпен қамтамасыз ететін компанияларға дәрінің өз бағасынан да артық ақша төлейді. Қазір фармацевтикалық нарықтың ауқымы 115 млрд.теңгеге сай болса, ондағы мемлекеттік сатып алу құны сол соманың 40 пайызына тең. Ал отандық дәрі өндірушілердің үлесі сол нарықтың бар-жоғы 10 пайызын құрайды. Статистикалық осы мәліметтер, мемлекеттің шетелдік дәрі-дәрмекке тәуелді екенін көрсетеді. Бұл тіпті ұлттық қауіпсіздікке қатысты дүние. Осыған байланысты, мемлекет басшысы отандық дәрі-дәрмек өндірісшілеріне жағдай жасап, жаңа өндірістер ашуға тапысырма берді.

Үкімет пен "Самұрық-Қазына" қоры құрған бұл компания осы мәселелермен айналыспақ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны