02.02.2009, 14:53 1145

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ директорлар кеңесінің отырысы өтті

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ директорлар кеңесінің отырысы өтті

Астана. 2 ақпан. "Қазақстан Бүгін"- Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ директорлар кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды агенттік тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР үкіметінің "БТА банк" АҚ акцияларын сатып алу туралы қаулысын орындау мақсатында "Самұрық-Қазына" ҰИАҚ директорлар кеңесі ҚР банктер және банк жүйесі туралы заңдылығына сәйкес қосымша эмиссия аясында аталған банктің 29 млн. 915 мың 425 дана жай акциясын сатып алу туралы шешім қабылдады.

Сонымен қатар, директорлар кеңесі мемлекеттік мүддеге өкілдік ететін директорлар кеңесінің және "БТА банкінің" басқарма құрамы туралы "Самұрық-Қазына" ҰИАҚ ұсыныстары мақұлданды. Атап айтқанда, банктің директорлар кеңесіне Арман Дунаевты енгізу шешімін тапты.

Сондай-ақ, үкіметтің тиісті қаулысын орындау мақсатында "Самұрық-Қазына" ҰИАҚ директорлар кеңесі "Альянс Банк" АҚ-на негізгі акционерге тиесілі, кейіннен жай және артықшылық акцияларға конвертацияланатын 2,4 млрд. теңге көлемінде уақытша банктік салым туралы келісім-шартты бекіту туралы шешім қабылдады. Салым 6 айға дейінгі мерзімге орналастырылады, сонымен қатар, жай және артықшылық акцияларды сатып алу арқылы банкті қосымша капиталдандыру мақсатына ие.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны