06.02.2020, 10:56 5611

"Сапалы жол - Адалдық алаңы" жобалық кеңсенің 2019 жылғы қызметінің қорытындысы шығарылды

2019 жылдан бері "Жол активтері сапасының ұлттық орталығының" 14 облыстағы және республикалық маңызы бар 3 қаладағы филиалдары жолға қатысты жобалар бойынша жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізуде.

Алматы. 6 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің алаңында өткен брифингте "Жол активтері сапасының ұлттық орталығы" ШЖҚ РМК бас директорының орынбасары Дархан Сақанов және "Сапалы жол - Адалдық алаңы" Жобалық кеңсенің әкімшісі Нұрсұлтан Бекинов "Сапалы жол - Адалдық алаңы" жобалық кеңсенің 2019 жылғы қызметінің қорытындысы туралы айтып өтті.

2019 жылдан бері "Жол активтері сапасының ұлттық орталығының" 14 облыстағы және республикалық маңызы бар 3 қаладағы филиалдары жолға қатысты жобалар бойынша жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізуде.

"2019 жылдың қоыртындысы бойынша жалпыға ортақ жолдарға 8 мыңнан астам тексеру, 12 мыңнан астам құрылыс материалдарына зертханалық тексерулер жүргізіліп, 5 мың астам ақау анықталып отыр", - деді "Жол активтері сапасының ұлттық орталығы" ШЖҚ РМК бас директорының орынбасары Дархан Сақанов .

Талдау қорытындысы бойынша 2019 жылы Ақмола, Қостанай, Шығыс және Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарының жолдарында және Нұр-Сұлтан қаласының көшелерінде асфальтбетон жамылғысы қалыңдықтары мен тығыздықтарының сәйкес келмеуі, суға қанығу мөлшерінің рұқсат етілген деңгейден асып кетуі сияқты өрескел бұзушылықтары анықталды.

Сапа орталығының қызметі нәтижесінде 700 млн. теңгеден астам сомаға құрылыс жұмыстары қайта жасалды.

"Жергілікті желідегі жолдардағы анықталған бұзушылықтар туралы ақпарат Мемлекеттік сәулет - құрылыс басқармасына жіберіліп, нәтижесінде мердігер, жобалаушы және техникалық қадағалау қызметі жалпы сомасы 1,5 миллион теңге әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деп қосып айтты Дархан Сақанов .

Өз кезегінде, "Сапалы жол - Адалдық алаңы" Жобалық кеңсенің әкімшісі Нұрсұлтан Бекинов "Сапалы жол - Адалдык алаңы" жобалық кеісесінің 2019 жылғы қорытындысы туралы айтып өтті.

"Жобалық кеңсенің қызметі кедергісіз қоғамдық бақылауды қамтамасыз етуге; қазіргі заманғы цифрлық технологиялар мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу құралдарын енгізуге; парасаттылық, адалдық және сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділік қағидаттарын енгізуге; бизнес-процестерді жетілдіруге және оңтайландыруға бағытталған. Қоғам және бизнес-қауымдастық өкілдерімен 180-нен астам бірлескен шығу ұйымдастырылды, соның нәтижесінде 400-ден астам бұзушылық анықталып, тиісті ұсыныстар енгізілді, соның нәтижесінде 327 (80%) бұзушылық жойылды", - деді Нұрсұлтан Бекинов.

Оның сөзінше, жол төсемінің деформациясы және асфальт-бетон жамылғысының ұсақталуы, стандарттарға сәйкес келмейтін жол белгілерін орнату, құрылыс-жөндеу жұмыстары орындарында техникалық қадағалау органдары мен атқару құжаттамаларының болмауы ең көп тараған бұзушылықтардың қатарында.

Сонымен қатар, жобалық кеңсе "BTS Digital" компаниясымен және шетелдік IT компаниясымен бірлесіп, автомобиль жолдарының сапасын нақты уақыт режимінде бағалауға арналған тестілік мобильді қосымшаны әзірледі.

Өткен жылы қосымшада 154 пайдаланушы тіркелген , олар қосымшаны пайдалана отырып, жалпы ұзындығы 10 мың километрден асатын, 800 - ден астам сапарға шықты.

Автомобиль жолдары саласындағы сыбайлас жемқорлық фактілерін ескере отырып, Жол активтері сапасының ұлттық орталығында кадр саясатының жаңа жүйесі құрылды.

"2019 жылғы 16-19 қыркүйек аралығында өңірлік филиалдардың директорлары мен олардың орынбасарларын аттестаттау жүргізілді. Оның қорытындысы бойынша, 13 директор мен олардың орынбасарларының ішінен 2-і - атқаратын лауазымына сәйкес келмеді, 3-і - қайта аттестаттауға жіберілді", - деп спикер өз сөзін қорытындылады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны