03.06.2016, 19:05 6486

Сарыағаштыӊ әлеуеті артып келеді

Жұмыс сапары барысында облыс активі Сарыағаш қаласындағы абаттандыру жайымен танысты. Биыл Сарыағаштағы 10 мыӊ шаршы метрге 50 мыӊ дана көпжылдық раушан гүлдері отырғызылып, тамшылатып суғару әдісі қолданылуда. Ол үшін аудандық бюджеттен 48,6 млн. теӊге, демеушілер есебінен 2,4 млн. теӊге жұмсалған. Аталған қаржыға жарықтандыру бағаналары мен жеӊіл конструкциялық қабырғалар да орнатылған.

Астана. 3 маусым. Kazakhstan Today - Бүгін Оӊтүстік Қазақстан облысы әкімдігініӊ Сарыағаш ауданында өтіп жатқан бірінші көшпелі жиыны аясында облыс әкімініӊ бірінші орынбасары Дархан Сатыбалды, облыс әкімініӊ орынбасары Сапарбек Тұяқбаев және аудан, қала әкімдері бастаған жұмыс топ ауданныӊ Қызылжар ауылдық округінде орналасқан "Роза" шаруа қожалығында болды. Жобалық құны 30 млн. теӊге болатын қожалық өз жұмысын осы жылы бастаған. Жалпы көлемі 2 гектар аумақты алып жатқан шаруа қожалықтыӊ 1 гектары жылыжай. Ондағы 0,94 гектарға қызанақ, 0,06 гектарға қияр өсірілуде. Шаруа қожалықтыӊ төрағасы Жақсылық Дүйсебаевтыӊ сөзінше, осы күнніӊ өзінде жылыжай өніміне Ресейден сұраныс көбейе бастаған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Тамшылатып суару әдісі арқылы өсіріліп жатқан көкөністердіӊ әр түбінен 4-5 келі өнім алынуда. Бір маусымда 60 тонна өнім беруге қауқарлы жылыжай қатты отынмен жылытылады. Мұнда жергілікті 10 азамат жұмыспен қамтылған.

Жұмыс сапары барысында облыс активі Сарыағаш қаласындағы абаттандыру жайымен танысты. Биыл Сарыағаштағы 10 мыӊ шаршы метрге 50 мыӊ дана көпжылдық раушан гүлдері отырғызылып, тамшылатып суғару әдісі қолданылуда. Ол үшін аудандық бюджеттен 48,6 млн. теӊге, демеушілер есебінен 2,4 млн. теӊге жұмсалған. Аталған қаржыға жарықтандыру бағаналары мен жеӊіл конструкциялық қабырғалар да орнатылған.

ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны