26.10.2020, 18:28 4945

Сауда министрлігі биржалық тауарлар тізімін кеңейтеді

Тауар биржалары бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс сауда-саттыққа жергілікті және шетелдік қатысушыларды барынша тартуға бағытталатын болады. Бұл көлеңкелі экономиканың деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді және биржалық тауарларға нарықтық баға белгілеуді қамтамасыз етеді.

Алматы. 26 қазан. Kazakhstan Today - Сауда министрлігі биржалық тауарлар тізімін кеңейтеді.

Бүгін, 2020 жылғы 26 қазанда сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Орталық коммуникациялар қызметінде (ОКҚ) өткен брифингте сөз сөйледі.

Ол сауда ведомствосының ел Президентінің қыркүйек айындағы Жолдауын іске асырудағы рөлі туралы айтты, сауда және интеграция министрлігінің міндеттері не екенін, сондай-ақ сауда мен экспортта қабылданған қадамдардан жағдай қалай өзгеретінін түсіндірді

Сондай-ақ, Қазақстан халқына Жолдауында биржалық сауданы ретке келтіру туралы тапсырма берілді.

Біріншіден, біз биржалық тауарлар тізімін кеңейтуді жоспарлап отырмыз.

Сонымен қатар, биржаға қатысушылардың санын ұлғайту үшін жеткізу партиясының мөлшерін 600 ден 60 тоннаға дейін төмендетеміз. Яғни, шағын және орта өндірушілерге биржа арқылы өз өнімдерін сатуға мүмкіндік береді.

Тауар биржалары бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс сауда-саттыққа жергілікті және шетелдік қатысушыларды барынша тартуға бағытталатын болады. Бұл көлеңкелі экономиканың деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді және биржалық тауарларға нарықтық баға белгілеуді қамтамасыз етеді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны