02.04.2013, 11:05 2795

Сәуір-мамыр айларында Түрікменстан Қазақстанға 500 млн текше метр газ жеткізбек

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Ашхабадта "ҚазТрансГаз" АҚ басшысы Серік Сұлтанғали "Түрікменгаз" Мемлекеттік концерні басқармасының төрағасы Какагелді Абдыллаевпен кездесті. Бұл туралы "ҚазТрансГаз" АҚ хабарлады.

Астана. 2-сәуір. Kazakhstan Today - Сәуір-мамыр айларында Түрікменстан Қазақстанға 500 млн текше метр газ жеткізбек, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Ашхабадта "ҚазТрансГаз" АҚ басшысы Серік Сұлтанғали "Түрікменгаз" Мемлекеттік концерні басқармасының төрағасы Какагелді Абдыллаевпен кездесті. Бұл туралы "ҚазТрансГаз" АҚ хабарлады.

"Кездесу барысында түрікмен тарабы 2013 жылғы сәуір-мамыр айларында Қазақстанға 500 млн текше метр көлемінде газ беруге дайын екендігі туралы мәлімдеді. Аталмыш келісім бойынша Қазақстанның оңтүстік өңірлері "Түрікменстан-Қытай" магистралдық газ құбыры арқылы көгілдір отынмен қамтамасыз етіледі. Оның ішінде Алматы қаласы да бар", - делінген ақпаратта.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны