09.12.2011, 16:10 9073

Семейде күрделі модернизациялаудан өткен былғары-тері комбинаты іске қосылды

"Семейдің былғары-тері комбинаты" ЖШС бас директоры Жұмағазы Рахымғалидың хабарлауынша, өндірісті модеризациялау ҮИИД бағдарламасы аясында жүзеге асырылған.

Семей. 9-желтоқсан. Kazakhstan Today - Семейде күрделі модернизациялаудан өткен былғары-тері комбинаты іске қосылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Семейдің былғары-тері комбинаты" ЖШС бас директоры Жұмағазы Рахымғалидың хабарлауынша, өндірісті модеризациялау ҮИИД бағдарламасы аясында жүзеге асырылған.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың айтуынша, жаңадан ашылатын зауыт ел өңірінің әлеуетін арттыра түсетін болады. "Шаруашылықты әртараптандыру туралы Елбасы тапсырмасы өңірде оңтайлы жүзеге асуда. Соның бірі бүгін тұсауы кесіліп отырған тері өңдеу зауыты. Семей комбинаты Қазақстандағы тері өңдейтін ең ірі және шикізат пен дайын өнім өндіруге қажетті технологиямен жабдықталған жалғыз кәсіпорын", - деді облыс әкімі.

Іске қосу барысында Президент Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығында жеткен жетістікпен өңір халқын құттықтады. "Шығыс Қазақстан облысы біздің өндірісті орталықтарымыздың бірі болып саналады. Шығысқазақстандықтар бұрын мысты, мырышты илеуші еді, енді теріні де илейтін болдыңдар. Бұл да ауыл шаруашылығына аса қажет. Өңірдегі жетістіктің барлығы республикамыз үшін маңызды. Өндіріс құтты болсын!", - деп атап өтті Елбасы Н. Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны