06.02.2014, 22:08 3246

Шағын және орта бизнесті дамытпай аймақтарды дамыту мүмкін емес - Е. Досаев

ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде ҚР ҰКП Призидиумы жанындағы экономикалық сараптамалық кеңестің бірінші отырысында 2020 жылға дейінгі Кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасының жобасы талқыланды.

Алматы. 6 ақпан. Kazakhstan today. ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде ҚР ҰКП Призидиумы жанындағы экономикалық сараптамалық кеңестің бірінші отырысында 2020 жылға дейінгі Кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасының жобасы талқыланды.

Ведомствоның хабарлауынша, министрлік бағдарламаға ұсыныстар пакетін әзірлеуде. ЭБЖМ басшысы Ерболат Досаев ұсынылып отырған шаралардың бұдан әрі тиімділігін арттыру мақсатында сарапшыларға үкіметпен іске асырылып отырған басқа да бағдарламаларды есепке алғанды жөн санайды.

"Шағын және орта бизнесті дамытпай аймақтарды дамыту мүмкін емес. Сондықтан, "Аймақтарды дамыту" бағдарламасындағы шараларды Кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасымен үйлестіру қажет", - деп ұсынды сарапшыларға Ерболат Досаев.

2020 жылға дейінгі Кәсіпкерлерді қолдау бағдарламасының басты бағыттарының бірі кәсіпкерлік қызметтің мемлекеттік реттеу лицензиялау мен рұқсат беру саласын жеңілдету мен жетілдіру болып табылатыны мәлім.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны