28.12.2013, 20:33 4361

Шығыс Қазақстан облысында "Ядролық технология паркі" АҚ инфрақұрылымдық нысаны салынды

Нысанның құрылысы 2010 жылдың шілде айында басталды. Жобаның жалпы құны 668,2 млн теңгені құрайды. Жобаның мақсаты жаңа инновациялық өнімдерді құру, отандық инновациялық технологияларды коммерциализациялау, қазақстандық өндірушілерді түрлі өнімдерді радиациялық дайындау бойынша келісімшартты қызметпен қамту, соның ішінде медициналық бұйымдар бар.

Алматы. 28 желтоқсан. Kazakhstan today. Курчатов қаласында "Ядорлық технология паркі" АҚ инфрақұрылым нысаны - "ИЛУ-10" сәулелендіру құрылғысымен радиациялық стерилизация корпусы салынды, деп хабарлайды Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің баспасөз қызметі.

"Курчатов қаласына "ИЛУ-10" сәулелендіру құрылғысымен радиациялы стерилизация корпусы қабылдау нысаны бойынша мемлекеттік қабылдау комиссиясы келді", - делінген хабарламада.

Нысанның құрылысы 2010 жылдың шілде айында басталды. Жобаның жалпы құны 668,2 млн теңгені құрайды. Жобаның мақсаты жаңа инновациялық өнімдерді құру, отандық инновациялық технологияларды коммерциализациялау, қазақстандық өндірушілерді түрлі өнімдерді радиациялық дайындау бойынша келісімшартты қызметпен қамту, соның ішінде медициналық бұйымдар бар.

Комиссия жұмысы барысында технопарк басшылығы нысанның тұсаукесерімен, қабылдау және тапсыру жұмыстарымен танысты. Сонымен қатар, ИЛУ-10 сәулелендіру құрылғысы мүмкіндіктері айтылды, медициналық бұйымдарды стерилизациялау бойынша бір лек шығарылды.

Айта кету керек, 2014 жылдың басынан бастап Қазақстан Республикасында Радиациялы стерилизация корпусы базасында қауымдастық медициналық бұйымдарды стерилизациялау жұмыстарын бастайды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны